Қазақстанға ресми түрде Toyota Camry 80 келді. Жапондық жаңа седанның бағасы қанша?

Жарияланды 2 Қазан 2024 18:08

(жаңартылды 4 Қазан 2024 09:43)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
Toyota Camry-дің жаңа буыны автосалондарда 4 қазаннан бастап ұсыныла бастайды / Коллаж: Ахтам Зиперов

Қазақстандықтар арасында танымал Toyota Camry-дің жаңа буыны автосалондарда 4 қазанда сатыла бастайды. Camry 80 әлемге 2023 жылдың қараша айының ортасында ресми таныстырылған. Бұл жолы жапондық седан Қазақстанға бір жылға жуық уақыт кешігіп жетті.

Екі түрлі қозғалтқыш ұсынылады

Бұл жолы жапондық седанның екі түрі ұсынылмақ. Ол дәстүрлі жанармаймен жүретін және гибрид көлік.

Жанармаймен жүретін Camry-ге 204 ат күші және 240 Нм қуаты бар, 2,5 литрлік атмосфералық бензин қозғалтқыш орнатылған.

Ал гибрид нұсқа алғаш рет ұсынылып отыр. Ол 2,5 литрлік қозғалтқышқа негізделген. 186 ат күші мен 221 Нм қуатты бар электромеханикалық вариатор негізінде жүреді.

Қазақстанда Camry 80-нің бес түрі қолжетімді

Тоғызыншы буынның ең қолжетімді нұсқасын дилерлер 18,8 млн теңгеге бағалап отыр. Бұл ақшаға сатып алушы жеті қауіпсіздік жастығы бар автокөлікті және Toyota Safety Sense + 3.0 қосалқы электроникасының толық спектрін алады. Оның ішінде, мысалы, автоматты тежеу ​​жүйесі, жасырын аймақтарды бақылау, адаптивті круиздік бақылау, жолақты бақылау және ұстау, жоғары жылдамдықты автоматты басқару тетігі және т. б. бар. Автокөлік кілтсіз ашу, жарық және жаңбыр сенсорлары, екі аймақтық климаттық бақылау, автоматты түрде реттелетін жүргізуші орындығы, 12,3 дюймдік экраны және алты динамигі бар медиа жүйесі, 7 дюймдік дисплеймен жабдықталған. Көліктің салоны былғары емес, мата болады.

Одан кейінгі орташа «Престиж» – нұсқасының құны 20,8 млн теңге тұрады. Жарықдиодты шамдар, автоматты күңгірттенетін артқы айна, автоматты реттелетін алдыңғы жолаушы орындығымен, желдетілетін алдыңғы орындықтармен, ауа ионизаторымен жабдықталған. Сондай-ақ, 12,3 дюймдік сандық панель орнатылған. Рөлі жылытылады. Орындықтар экобылғарымен көмкерілген.

Одан кейінгі «Люкс» модификациясы 22,8 млн теңге тұрады. Цифрлы ішкі айна, жүргізуші орындығына «есте сақтау» жүйесі орнатылған. Бұған қоса жолаушылар орындығы жылытылады, үш аймақтық климаттық бақылау, тоғыз динамикке негізделген аудио жүйе, жетілдірілген автотежеу ​​жүйесі, күннен қорғайтын перделер және проекциялық дисплейі бар.

Гибридті Camry «Prestige» және «Lux» нұсқаларында тиісінше 21,8 млн және 23,8 млн теңге тұрады.  Әдеттегі 2,5 қозғалтқышы бар нұсқасынан 1 млн теңгеге қымбатырақ. Гибридтерге арналған радиатор торындағы автоматты ысырманы, тізеге арналған қосымша қауіпсіздік жастықшасын және Eco, Normal және Sport режимін ауыстырғышты қоспағанда, седандардың конфигурациялары бірдей.

Toyota Camry көлігінің жылдар бойы сұранысқа ие болуының сыры неде?

Еске сала кетсек, БАӘ-де Toyota Camry 80 сатыла бастады. Қазақстан нарығына көлік «сұр» саудагерлер арқылы келді. Сарапшылар Toyota Camry көлігінің жылдар бойы сұранысқа ие болу себебін түсіндірді. Олардың пайымынша, бұл баға мен сапа үйлесім тапқан сенімді көлік.

«Қазақстанның Автокөлік Одағы» мәліметінше, маусымда жаңа автокөліктер саудасы мамыр айымен салыстырғанда 30,2% өсіп, 16 688 жеңіл көліктер мен коммерциялық техникалар сатылған. Осылайша алты айда 83 145 авто саудаланды. Бұл 2023 жылдың бірінші жартыжылдығының көрсеткішінен 0,1% төмен (83 220 бірлік). Осылайша қазақстандықтардың сүйікті Toyota Camry-ін өзге үш бренд басып озды. 

Сондай-ақ оқыңыз