Telegram жұмысындағы ақау туралы бір сәтте 18 мың шағым түскен

Жарияланды 3 Қазан 2024 17:06

(жаңартылды 3 Қазан 2024 17:19)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Telegram жұмысындағы ақау туралы бір сәтте 18 мың шағым түскен / Фото: shutterstock

Telegram жұмысындағы ақаулар туралы Астана уақытымен 16:30 шамасында бір сәтте 18 мыңға жуық қолданушы шағым түсірген.

Шағымды Downdetector.su ресурсы тіркеп отырған. Мессенджердің мобильді қосымшасы мен компьютерлерге арналған нұсқасында да ауытқушылықтар байқалған.

Негізінен қолданушылар хабарламалардың кетпей және келмей жатқанына шағымданған. Telegram жұмысына шағымдар Ресейдің бірнеше облысы мен Орталық Азия елдері аумағынан түскен.

Айта кетейік, 24 тамызда Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Париж әуежайында тұтқындалды. Франция прокуратурасы оған 12 қылмыс бойынша айып тағып отыр. Соның бірі – заңсыз транзакцияларды жүзеге асыру үшін онлайн-платформаны басқаруда ұйымдасқан қылмыстық топ қызметіне қатысу. Сонымен бірге уәкілетті органдардың сұрауы бойынша заңсыз әрекеттерге қатысты ақпарат немесе құжаттарды беруден бас тарту, ақшаны жылыстату және қылмыскерлерге криптографиялық қызмет көрсету секілді фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. 28 тамыз күні Дуров 5 млн еуро кепіл төлеп, бостандыққа шықты.   

Сондай-ақ оқыңыз