Елордалық «Астана» футбол клубы УЕФА Конференция лигасындағы алғашқы ойынында сербиялық «ТСЦ Бачка Топола» командасын 1:0 есебімен жеңіп, лигадағы жолын жеңіспен бастады.
3 қазанда Алматының Орталық стадионында өткен мачтағы жалғыз голдың авторы елордалық команданың қорғаушысы литвалық Кипрас Кажуколовас болды. Оған жартылай қорғаушы Ян Вогоровский пас берген.
Айта кетейік, елордалық команданың негізгі құрамында екі қазақстандық ойыншы болған. Оның бірі жоғарыда аталған Вогоровский болса, екіншісі қорғаушы Александр Марочкин.
Енді «Астана» командасы Уэльске аттанып, «Нью-Сэйнтс» командасына қарсы ойнайтын болады. Бұдан бөлек, елордалық команда ағылшындық «Челсимен», португалдық «Виториямен», кипрлік «Апоэль» командасы және «Пафоспен» командасымен кездеседі.
Сербиялық командамен «Астана» ойыны Алматы орталық стадионында кездесуіне байланысты беларусь әншісі Макс Корждың оңтүстік астанадағы концерті өтпей қалды. Әнші өз концертін стандионда өткізуді қалаған. «Астана» – «Челси» ойыны да 12 желтоқсан күні Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.