Lifestyle

Apple бағасы ұтымды iPhone SE моделінің жаңартылған нұсқасын шығарады

Apple iPhone SE бюджеттік моделінің жаңартылған нұсқасын ұсынбақшы / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Денис Андреев

2025 жылдың басында Apple iPhone SE смартфонын таныстырады. Жаңартылған смартфон «Home» батырмасынсыз және iPhone 16 моделіндегі сияқты Apple Intelligence жасанды интеллектінің функцияларын қолдайтын болады. Бұл туралы Bloomberg инсайдері Марк Гурман хабарлады.

Араға үш жыл салып Apple iPhone SE бюджеттік моделінің жаңартылған нұсқасын ұсынбақшы. Смартфонның дизайны iPhone 14 моделіне ұқсас болады — оның дисплейі толық экранды болады. Сонымен қатар Face ID және Apple Intelligence қолдауы енгізіледі, ал алдына орнатылған «Home» батырмасы алынып тасталады.

Айта кетейік, қазіргі iPhone SE бағасы 207 мың теңгеден басталады. Оның 2022 жылғы моделі үш түсте сатылымға шықты: қара, сұр және қызыл.

Сонымен қатар келесі жылдың басында Apple жаңа iPad Air, iMac, Mac mini және MacBook Pro модельдерін де таныстырады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Apple жаңа Iphone 16 телефондарын шығарды.

Қазақстан азаматтары iPhone 16 алу үшін қанша жалақысын жұмсауы керек туралы жазған едік.