HBO студиясы биткоиннің кодын жазған Сатоши Накамото туралы деректі фильм түсірді. Санаулы күнде көрермендер назарына ұсынылады. Жаңа кионөнімнің аты – «Money Electric: The Bitcoin Mystery».
Фильм авторы Каллен Хобек бұл туынды әлемдегі қаржы нарығын шайқалтып, АҚШ-тағы президенттік сайлауға әсер етуі, криптовалютаға қатысты қылмыстар туралы көптеген сұрақ пайда болуы мүмкін екенін айтады.
Сатоши Накамото есімі алғаш рет 2009 жылы цифрлық валюта туралы мәлімет беретін «Ақ кітапта» кездеседі. Накамото Bitcoin-де 2011 жылға дейін жұмыс істегені белгілі. Содан кейін ол күтпеген жерден жобаны тастап, репозиторийлерді басқаруды басқа әзірлеушілерге берді. Одан соң көпшілік алдына шығуды доғарды.
Сондықтан көп адамды жүйе емес, Сатоши Накамото тұлғасы қызықтырады. Биткоинның негізін қалаушы әлі де шамамен 1,1 миллион монетаны бақылайды деген болжам бар. Бірақ 2009 жылдан бері оның әмияндарының мұрты да бұзылмаған. Қазіргі бағам бойынша таза актив құны шамамен 66 млрд долларды немесе 31,8 трлн теңгені құрайды.
2024 жылдың 30 қыркүйегінде сауда көлемі бойынша әлемдегі ең ірі криптовалюта биржасында жетекші блокчейн экожүйесіне тиесілі Binance Kazakhstan компаниясына Digital Asset Trading Facility (DATF) лицензиясы берілді. Бұл – Қазақстанда АХҚО Қаржы қызметтерін реттеу жөніндегі комитетінен (AFSA) осы лицензияны алған алғашқы операциялық цифрлық платформа.