Жаңалықтар

Елімізде АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру аяқталды

Енді референдум учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды / Фото: kursiv.media

Елімізде АЭС салу бойынша референдумда дауыс беру тоқтатылды. Кешкі сағат 20.00-де референдум учаскелері жұмысын аяқтады.

Енді референдум учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды. Алдағы сағаттарда орталық референдум комиссиясы алдын ала қорытындыларды шығарады.

Орталық референдум комиссиясының сағат 18.00-дегі мәліметі бойынша, дауыс беруге құқылы электораттың 7,5 миллионнан астамы таңдау жасаған.

Айта кетейік, бүгін, 6 қазанда, Қазақстанда жалпыұлттық референдум өтуде. Елде 84 учаскеде дауыс беру таңғы сағат 6:00-де басталды. Референдум бюллетенінде бір ғана сауал болады:

— Сіз Қазақстанда атом электр станциясын салуға келісесіз бе?

Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:

— «Иә, келісемін» немесе «Жоқ, келіспеймін».

9 елде референдум учаскелері жұмысын аяқтады

Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко шетелдегі 13 референдум учаскесі жұмысын аяқтағанын да мәлім етті. Яғни, Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Вьетнам, Индонезия мен Тайландтағы дауыс беру учаскелері жұмысын аяқтады. Жалпы 7358-ден астам шетелдегі Қазақстан азаматы өз дауысын берген.