Қазақстандық «Феминита» ұйымы Алматыда өтіп жатқан «Лесбиан құрылтайға» қала әкімдігі кедергі келтіріп жатқаны туралы мәлімдеді.
Ұйым өкілдерінің айтуынша, олар құрылтай өткізуге 4 қонақүйге және 1 ко-воркинг орталыққа өтініш білдірген. Алайда қонақүй иелері құрылтайды өткізуден бас тартқан.
«Біздің құрылтайымызға қала (Алматы) кедергі жасап жатыр. Дәлірек айтқанда, Алматы қаласының әкімдігі. 4 қонақүй және 1 ко-воркинг орталық құрылтайымызды өткізуден бас тартты. Олардың айтуынша, «Феминита» Алматы қаласы әкімдігінің «қара тізімінде» екен», – деді ұйымның жетекшісі Жанар Секербаева.
Ұйым қазір құрылтай өтіп жатқан орында әкімдіктің жарықты сөндіріп тастағаны туралы да ақпарат таратты. Kursiv.мedia Алматы қаласы әкімдігіне осы айыптауларға қатысты сауал жолдаған. Материал жарияланған кезге дейін әкімдіктен жауап келген жоқ.
10 маусымда белсенді азаматтар Мәдениет және ақпарат министрлігіне ЛГБТ насихатына тыйым салудын сұрайтын петиция жолдады. БҰҰ-ның Адам құқығы кеңесі Қазақстан билігін петицияны қарамауға шақырған.
Астанада «Біз Қазақстан Республикасында ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға қарсымыз!» петициясы бойынша жария талқылау өтті. ЛГБТ үгіт-насихатына тыйым салу туралы петицияны Ішкі істер, Оқу-ағарту және Денсаулық сақтау министрліктері қолдаған.