7 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинді туған күнімен құттықтады. Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаевтың ресми түрде құттықтау жеделхатын жолдағанын хабарлады.
Путин биыл 72 жасын атап өтеді. Осымен Ресейді басқарғанына да 20 жыл толады. Туған күн қарсаңында РФ Президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков 7 қазан күні кешке Ресей президенті Владимир Путин ТМД-ға мүше елдердің басшыларымен бейресми түрде сөйлесетінін мәлімдеген.
«Президент кешке ТМД елдері жетекшілерінің ертеңгі кеңесіне қатысу үшін Мәскеуге келетін мемлекет және үкімет басшыларымен бейресми сипатта сөйлеседі», – деді қысқа ақпарат таратқан Песков.
7 қазан күні одан бөлек Путин жұмыс кезінде жабық кездесулер өткізген.
Тамызда Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Президенттер екі елдің даму перспективаларын талқылаған. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысуға шақырғаны үшін Ресей Президентіне ризашылығын білдірген.