Оскарға ұсынылған «Бауырына салу» фильмі Баку кинофестивалінде топ жарды

Жарияланды 10 Қазан 2024 13:24

(жаңартылды 10 Қазан 2024 17:09)
post.authors.0.name

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
«Бауырына салу» фильмі Баку кинофестивалінде топ жарды / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстан атынан америкалық Кино академия жүлдесіне ұсынылған режиссер Асхат Кучинчерековтің «Бауырына салу» фильмі Әзербайжандағы кино фестивальде үздік фильм атанды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

«Baku International Film Festival 2024» фестивалінде бас жүлдені алған қазақстандық фильмді халықаралық «Алтын глобус» сыйлығының жүлдегері әрі осы фестивальдегі қазылар алқасының төрағасы, ауған режиссері Сиддик Байрам өңірдегі үздік фильм деп бағалаған.

«Бауырына салу» фильмін Орталық Азиядағы мазмұнды фильмнің бірі деп айта аламын. Мұнда ұлттық дәстүрдің көлеңкелі тұсы, бала жанының нәзік психологиясы ашып көрсетілген. Қарапайым ауылдың қоңыр тірлігін баяндайтын фильм алдағы уақытта да шыңды бағындырады деп сенеміз!», – деді Сиддик Байрам.

Айта кетейік, фильм Мәдениет министрлігі және Ұлттық кино орталығының қолдауымен түсірілген.

«Курсив» автордың тағы бір баланың арманы жайлы жаңа туындысын көріп, мән-мағынасына үңілген

«Бауырына салу» – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Түпкі мақсаты – алыс-жақын туысының жас сәбиін бала сүйе алмай жүрген келіншектің бауырына салу. Ана сүтіне жарып үлгермеген сәбиді туысының «бауырынан өткізіп», омырауын ағытып, жағасынан салынған баланы етегінен шығарып алады. Осы сәттен бастап бала «жаңа ата-анасына» беріліп, дүниеге алып келген әке-шешесі оны «өз балам» деп атамауы қажет. Тиісінше, баланы алған ата-ана оның бар жағдайын жасап, кейінірек өздері құрсақ көтеріп жатса, «тұңғышын» туған баласынан кем көрмей, бөлмей өсіруге міндеттеледі.

Фильм отандық «Тұлпар» кино фестивалінде топ жарып, қазылар алқасының шешімімен америкалық Кино академияның «Оскар» жүлдесіне Қазақстан атынан ұсынылған.

Сондай-ақ оқыңыз