Қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар бағасы 22 млн теңге тұратын Jeep Grand Cherokee көлігіне қосымша тағы 17 млн теңге жұмсады. Бұл туралы Kursiv Media YouTube арнасында актердің көлігіне жасалған шолу барысында айтылды.
Еркебұланның айтуынша, ең көп қаражат, көліктің моторын жаңартуға кеткен, яғни 4,5 млн теңге. Көлікке 6,4 литрлік қозғалтқыш орнатылған. Онымен қоса 500 ат күші бар және 100 км/сағ жылдамдыққа небәрі 5 секундта жетеді. Көліктің барлық бөлшегі Америкадан арнайы тапсырыспен алынған.
Сонымен қатар Еркебұлан алдағы уақытта дөңгелектерінің дискілеріне тағы 3 млн теңге салуды жоспарлап отыр. Танымал актер «Гелен айдайтындарды жолда қалдырамын» деп әзілдеді.
Толығырақ Kursiv Media Youtube арнасынан көре аласыз.