Lifestyle

Almaty Open 2024: теннис турниріне жанкүйерлер үшін қалада тегін автобустар қатынайды

Almaty Open 2024 турниріне тегін автобустар қатынайды / фото: ҚТФ

Алматыда теннистен өтетін халықаралық ATP турниріне қаланың бірнеше нүктесінен тегін автобустар қатынайды, бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше теннистен жарыс 13-20 қазан аралығында Almaty Arena-да өтеді. Сондай-ақ 15 қазан күні 18:00-де ашылу салтанатында танымал әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетеді.

Алматы әкімдігі Almaty Arena-ға және кері қайтқысы келетін жанкүйерлерге арналған 10 тегін автобус бағытын ұсынбақ. Автобустардың бағыты мынадай:

  • Қалқаман (№7-қалалық аурухана аялдамасы) – Almaty Arena
  • Байтұрсынов көшесіндегі спорт сарайы (солтүстік бағыт) – Almaty Arena
  • Президент саябағы (Мирас аймағы) – Almaty Arena
  • Халық Арена аялдамасы (солтүстік бағыт) – Almaty Arena
  • Алматы-1 теміржол вокзалы – Almaty Arena
  • Әуежай (Майлин-Огарев аялдамасы) – Almaty Arena
  • Саяхат («Райымбек батыр» метро аялдамасы) – Almaty Arena
  • Наурызбай ауданы әкімдігі (әкімдіктің тұрақ аймағы) – Almaty Arena
  • Көкмайса (Дәріхана аялдамасы) – Almaty Arena
  • Сайран автобекеті (шығыс бағыт) – Almaty Arena

Автобустар таңғы сағат 9-дан бастап толғанына қарай жүреді. Арнайы дизайндағы автобустарды тану оңай.

Сонымен қатар ұйымдастырушылардың айтуынша, Almaty Arena аумағында теннис матчтары ғана емес, жанкүйерлер үшін көптеген қызықты іс-шара ұйымдастырылады. Ойын секциялары, фотоаймақтар, әуе шары, балаларға арналған шатыр, тамақтану аймағы және матчтың онлайн көрсетілімі мен әртістер өнер көрсететін амфитеатр болады.

Almaty Open 2024 турниріне билеттерді Ticketon сайтынан сатып алуға болады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы турнирге әлемнің үздік теннисшілері келеді. Қазақстан теннис федерациясының мәліметінше, тізім көшін 2023 жылғы Astana Open ATP 250 турнирінің финалисі, әлемнің 15 ракеткасы америкалық Себастьян Корда, тағы бір Америка өкілі Фрэнсис Тиафо (16 ATP), Чили өкілі Алехандро Табило (22 АТР), ресейлік Карен Хачанов (23 ATP), франциялық Артур Фис (25 ATP) және қазақстандық Александр Бублик бастады.