15 қазан күні Алматының орталық стадионында Қазақстан мен Шотландияның жастар құрамалары Еуропа чемпионатына іріктеу аясында кездесті. Бұл тартысты ойын 3:2 есебімен Қазақстанның жеңісімен аяқталды деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясы.
Федерацияның мәліметінше, Қазақстан құрамасына Айбар Абдулла (30-минутта), Әділбек Жұмаханов (66-минутта) және Ян Труфанов (74-минутта) гол соқты. Жанкүйерлер үшін ерекше сәттерге толы ойын Қазақстан құрамасына маңызды 3 ұпай сыйлады.
Соған қарамастан Қазақстан құрамасы өз тобында бесінші орында тұр. Топ көшбасшысы Испания құрамасы 28 ұпаймен алда келеді.
Алдыңғы ойында, Қазақстан жастары Испаниядан 4:3 есебімен жеңілген еді.