Қазақстан жол талғамайтын көліктер сатылымы бойынша ТОП-10 елдің қатарында

Жарияланды 16 Қазан 2024 22:38

(жаңартылды 17 Қазан 2024 10:16)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
Қазақстандықтар жол талғамайтын көліктер сатып алудан озды/ фото: kursiv.media

2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан жол талғамайтын көліктердің сатылымы бойынша үздік ондыққа енді. Car Industry Analysis мәліметі бойынша Қазақстан Lexus LX, Cadillac Escalade, Cadillac Escalade ESV және Toyota Land Cruiser 300 автокөліктерін сатып алудан алдыңғы қатарда тұр. Ал Қазақстан Hyundai Tucson кроссоверінің сатылымы бойынша әлемде 5-орынға ие болды.

Қазақтан бойынша былтырғы сатылым көрсеткіші:

  • Cadillac Escalade – 550;
  • Toyota Land Cruiser – 2282;
  • Lexus LX – 1918;
  • Hyundai Tucson – 28 839.

Қазақстандықтар негізінен жол талғамайтын көліктерге мінуге құмар. Өткен аптада елде Haval H5 және Haval H9 рамалық жол талғамайтын көліктер сатыла бастады. Kursiv Media қытайлық автокөліктердің нарықта өтімді болғанына назар аударды. Бір жыл ішінде Бейжің 40 мыңға жуық көлікті экспорттаған.

2024 жылдың тамыз айында Қазақстандағы ресми дилерлер 17,8 мың жаңа жеңіл көлік сатқан. Бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғыдан 2,2%-ға аз. Сегіз айда барлығы 119,2 мың автокөлікт иесін тапты.

Сондай-ақ оқыңыз