«Отбасы Банк» «Отау» және «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардан өтінім қабылдау мерзімін ұзартты

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Отбасы банк кз
«Отбасы банк» өтінім беру мерзімін ұзартты / Фото: kursiv.media, бильд-редактор Аружан Махсотова

«Отбасы Банк» «Отау» және «Наурыз» бағдарламасына қатысушылардан өтінім қабылдау мерзімін тағы 2 аптаға ұзарты. Енді несие өтінімін 31 қазанға дейін беруге болады.

Бұл бағдарламаға қатысушылардың қосымша тізіміне енген банк клиенттеріне қатысты. Бұған дейін олар 18 қазанға дейін өтініш беріп үлгеруі тиіс еді.

Енді бағдарламаға қатысушылардың төлем қабілетін тексеру процесін аяқтап, кредит өтінішін мақұлдатуына тағы екі апта бар. Өтінішті «Отбасы Банк» бөлімшелері, ресми сайты немесе «Баспана Маркет» жылжымайтын мүлік порталында бейнеқоңырау арқылы онлайн режимінде беруге болады.

Клиент өтініші мақұлданса, 29 қарашаға дейін пәтер тауып, сатып алуы керек. Бағдарламаға қатысушылар тұрғын үйді Baspana Market порталы арқылы таңдайды. Қазіргі уақытта порталда 9,4 мың пәтерлік 721 тұрғын үй кешені бар. Моноқалалар, аудан орталықтары және ауылдық елдімекендерден қайталама нарықтағы үйлерді сатып алуға болады.

«Отау» мен «Наурызға» қатысушылардың қосымша тізіміне 9 мың клиент енді. Осы мақсатта қос бағдарламаның талаптары бірдей етілді. Бұл бағдарламаға қатысу үшін 20% бастапқы жарна қолда болуы керек. Ипотекалық несие 19 жылға беріледі.

Пайыздық мөлшерлемесі азаматтардың барлық санаты үшін – 9%, ал халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 7% деп белгіленген. Астана мен Алматыдан алынатын баспана құны – 36 миллион теңгеден, басқа аймақтарда 30 миллион теңгеден аспауы керек.

Сондай-ақ оқыңыз