Ресей санкцияға байланысты шетелдік банктердің елден кетуіне тосқауыл қоюы мүмкін

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
санкция ресей банк
Ресей санкцияға байланысты шетелдік банктердің елден кетуіне тосқауыл қоюы мүмкін / Фото: Raiffeisen

Ресей батыс елдерінің санкцияларына байланысты шетелдік банктердің елдегі активтерін сатуына тосқауыл қоюды жоспарлаған. Бұл туралы Bloomberg жазады.

Басылымның ақпаратына сүйенсек, Ресей үкіметі аустриялық Raiffeisen Bank International (RBI) пен итальяндық UniCredit банктің елдегі активтерін сатуына тосқауыл қою мүмкін. Бұл кейін өзге шетелдік банктерге де қатысты қолданылатын саясат болмақ. Басты себеп банктердің ресейлік активтерін сатып алған Ресей азаматтарының батыс санкциясына ілігіп кету қаупі болып отыр. Сондықтан елден кетпес бұрын шетелдік банктер Ресей билігімен тікелей келіссөздер жүргізуі керек.

Агенттіктің жазуынша, шетелдік банктердің Ресей билігімен келіссөздер жүргізуін Батыс елдері қолдамайды. Мәскеу шетелдік банк активтерін сатып алған азаматтар санкцияларға іліксе, елдің газ экспортына байланысты төлемдеріне қауіп төнеді деп қорқады. Себебі ресейлік ірі банктердің барлығы дерлік Swift төлем жүйесінен шығарылған.

2022 жылдан бері аустриялық Raiffeisen ресейлік реттеушіге бірнеше әлеуетті сатып алушы барын айтып келеді. Олардың кейбірін Батыс елдері қолдамаса, кейбіріне Мәскеу келіспеген. Банк ресейлік бөлімшесін сатуына «Райффайзенбанк» акцияларын сатуға салынған ресейлік сот шешімі де әсер етіп отыр. Әзірге аустриялық банк оның 100% акционері болып қалған.

Басылым Еуропалық банктердің Ресейдегі активтерін сата алмауы олардың өзге елдердегі банктеріне де әсер ететінін жазған.

Айта кетейік, 2022 Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін, елдің ірі банктері Батыс елдерінің санкциясына ілікті. Осының әсерінен Ресей банктері Қазақстандағы активтерінде сатқан. Мәселен, «СберБанкті» «Бәйтерек» ұлттық холдингі сатып алып, кейіннен қатарлық Lesha Bank-ке сатты.

Сондай-ақ оқыңыз