«Барыс» хоккей клубы легионерлермен қош айтысып, құрамаға жергілікті ойыншыларды қосуды жоспарлап отыр

Жарияланды 18 Қазан 2024 11:27

(жаңартылды 18 Қазан 2024 11:48)
post.authors.0.name

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Барыс» хоккей клубы легионерлермен қош айтысты / фото: hcbarys.kz

«Барыс» хоккей клубы легионерлермен қош айтысып, құрамаға жергілікті ойыншыларды қосуды жоспарлап отыр. Хоккей клубының жаңадан тағайындалған бас директоры Нұрлан Оразбаев жақында бұқаралық ақпарат құралдарымен кездесу өткізіп, алғашқы жоспарларымен бөлісті.

Бір-екі күн бұрын маған «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» тарапынан ұсыныс түсті. Біз Спорт министрімен кездестік, жұмысымның барлық нюанстарын талқыладық. «Барыстың» бас бапкері болып Ғалым Мамбеталиев тағайындалды, онымен үш жылдық келісімшартқа отырдық. Вячеслав Буцаевқа алғыс білдіргім келеді. Бірінші команданың бапкерлер штабына Ерлан Сағымбаев та қосылады, — деп мәлімдеді Нұрлан Оразбаев.

Оразбаевтың айтуынша, клуб басшылығы бірқатар легионермен келісімшарттарын бұзуды жоспарлап отыр.

Бүгін біз Даниил Апальков пен Владислав Кодоламен келісімшартты бұздық. Сондай-ақ барлық солтүстік америкалық легионерлермен келісімшартты бұзу туралы хабарлама жіберілді. Құрамда Маттссон, Бурдасов, Николишин, Жафяров, Сетдиков, Бочаров, Камалов, Антипин және Хохлов қана қалды. Қалған ойыншылардың барлығы ұлттық құраманың үміткерлері, жергілікті тәрбиеленушілер, — деп атап өтті Оразбаев.

Бұл өзгерістер «Барыс» клубының болашақтағы даму жоспары мен құрамының жаңа бағытта жұмыс істейтінін көрсетеді.

Айта кетейік, жанкүйерлер арасында хоккейге бөлінген қаржының нәтижесі мен клубтың көрсеткіштері туралы сын-пікірлер көбейіп келеді. Жақында клубтың бас директоры Борис Иванищев қызметінен кеткен еді. Ол бұл қызметті 8 жыл атқарған.

Спортты қолдау қорының 2023 жылғы есебі бойынша кәсіби клубтарға жалпы 21 млрд теңге бөлінді. Оның ішінде «Бaрыс» хоккей клубына бөлінген қаржы мөлшері 8,5 млрд теңгені құрады. Бұл – Қазақстандағы ең көп қаржы жұмсалған спорт клубтарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыз