Астана қаласында төтенше жағдай болды. Бектенов көшесінде жүк көлігі өртенген. Соның салдарынан көлікке тиелген газ баллондар бірінен соң бірі жарылған. Осы жерге жақын орналасқан үш көлікті де жалын шарпыды.
Байқоңыр ауданына төтеншеліктер келіп үлгерді. Олар арнайы құрылғы арқылы су шашып, баллондарды салқындатқан. Қысқа уақытта өрт сөндірілді. Көліктегі 11 газ баллон жарылған жоқ. Тұрғындарға да қауіп төнбеді.
«Өрт сөндірушілер 8 көлікті, жақын маңдағы тұрғын үйлерді және 17-ден 11 газ баллонын өрттен құтқара алды», – деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
Газ баллонды сақтау ережесенің бұзылуынан Қазақстанда қайғылы оқиғалар жиі болады. Қарағанды облысының Бұқар ауданында екі қабатты үйде баллонның жарылуынан екі адам қаза тапты.