Tele2 және Altel компанияларын қатарлық инвесторға сату бойынша келісім қашан аяқталады?

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Tele2/Altel компанияларын сату бойынша мәміле қыркүйекте аяқталмайтын болды / Фото: Илья Ким, бильд-ретактор: Ахтам Зиперов

Tele2 және Altel компанияларын қатарлық инвесторға сату бойынша келісім қашан аяқталады? Бұл сұраққа KURSIV ECOSYSTEMS форумы барысында «Қазақтелеком» басқарма төрағасы Бағдат Мусин жауап берді.

«Келісімді кем дегенде жылдың соңына дейін аяқтауды мақсат етіп отырмыз. Бірақ түрлі жағдайлар туындауы мүмкін. Ондай кезде біз түсіністік танытуымыз керек», – деді Мусин

Бұл ретте ол негізгі келісім жасалып қойғанын еске салды.

«Екінші тарап шетелдік инвестор болғандықтан, ортада рәсімделуі керек құжаттар бар. Біз барлық мүдде сақталатын және тиісті төлемдер жасалатын өзара тиімді бағыттарды іздейміз. Сондықтан мерзімін айтар болсам, жыл соңына дейін мәміле аяқталады деп ойлаймын. Бірақ ол келесі жылға созылса да, менің ойымша, бұл қаңтар мен ақпаннан ары бармайды. Келісім бірінші тоқсанның соңына дейін аяқталады», – деді «Қазақтелеком» басқарма төрағасы.

Еске сала кетсек, Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров 2024 жылғы 11 қыркүйекте компанияны катарлық инвесторға сату жөніндегі мәміле қыркүйекте аяқталатынын айтқан. 

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев операторға иелік ететін «Мобайл Телеком Сервис» компаниясы 1 млрд долларға бағаланғанын айтты. Ал бұған дейін компанияға иелік еткен «Қазақтелеком» АҚ-ның қаржы есебінде Tele2/Altel-ді сатудан 536 млрд теңге алу жоспарланғаны жазылған.

Сондай-ақ оқыңыз