Қазақстаннан ұн экспорты айтарлықтай төмендеді. Бұл туралы Freedom Finance Global сарапшысы Аңсар Абуевтің «Қазақстандағы азық-түлік ритейлі» туралы зерттеуінде жазылған.
Қант импорты 84%-ға ұлғайды
Құжатқа сүйенсек, 2024 жылдың бірінші жартысында Қазақстанға азық-түлік импорты түрлі санаттар бойынша өсіп, кей санаттар бойынша құлдырады. Атап айтқанда, қант импорты өткен жылмен салыстырғанда 84%-ға ұлғайған. Оның жалпы құны 208 млн долларды құрады.
Бұл динамика негізінен Ресей және Беларусьтен келетін импортқа байланысты тіркелді. Сарапшы 2024 жылғы жалпы көлем 2023 жылғы деңгейден асып түсуі мүмкін деп болжайды.
Ал минералды және газдалған сулардың импорты 2022 жылмен салыстырғанда 22% -ға төмендеді. Бұл ретте импорт 59,8 млн долларды құрады.
«Цитрустық, әсіресе Қытай, Пәкістан және Түркиядан келетін мандариндер импорты 2022 жылмен салыстырғанда шамамен үштен біріне артты. Бұл осы өнімдерге деген сұраныстың өсіп келе жатқанын көрсетеді», – деп жазды маман.
ЕАЭО елдерінен басқа импорттық статистиканы есептеуде қиындықтар туды
Ал ЕАЭО елдерінен басқа Қазақстанға тамақ өнімдерінің импорты мен экспортының көлемін бағалау экономикалық қызмет түрлерінің тауар номенклатурасының кодтарына (СЭҚ ТН) сәйкес жүргізіледі. Осы ретте ұсынылатын статистиканы есептеуде қиындықтар туған.
«2023 жылы Қазақстанға әкелінген азық-түлік өнімдерінің негізгі санаттары – ЕАЭО-ға кірмейтін елдермен импорт пен экспорт туралы айтқанда, «басқа жерде аталмаған немесе енгізілмеген тамақ өнімдері» (СЭҚ ТН коды 2106) деген атаумен енгізілген тауарлар тіркелген. Осы санаттағы әкелінген тауарлардың құны 172,5 млн долларды құрады. Бұл нақты қандай өнім екендігін дұрыс анықтау мүмкін емес болып шықты», – деп түсіндірді Аңсар Абуев.
Сырттан темекі мен алкоголь көптеп импортталады
Қазақстанға көптеп әкелінетін өнімдердің екінші санаты – құрамында темекі, қалпына келтірілген темекі, никотин немесе тұтандырусыз тартуға арналған темекіні немесе никотинді алмастырғыштары бар өнім. Бұл санаттағы импорттың жалпы сомасы 2023 жылы 118,6 млн долларды құрады. Олардың 96,2 млн доллары (олардың 96 млн-ы Қытайға тиесілі).
Импорттың көлемі бойынша үшінші санат – 80%-дан кем шоғырланған денатурацияланбаған этил спирті, тұнбалар, ликерлер және спиртті ішімдіктер. 2023 жылы импорт көлемі 117 млн долларды құрады. Мұнда үш негізгі импорттаушы бар – 37 млн доллармен Ұлыбритания, 17 млн доллармен Ирландия және 13,5 млн доллармен Өзбекстан.
Ал Қазақстан сыртқа бидай мен қара бидай эспорттайды
Зерттеуге сүйенсек, шетелге ең көп жеткізілетін өнім – бидай мен қара бидай қоспасы. 2023 жылы ол 1,84 млрд долларға экспортталды. Бидай экспортталған негізгі ел Өзбекстан (797,3 млн долларға), одан кейін Түркіменстан (176,6 млн доллар)және Италия (172,5 млн доллар) болды. Бір жылда көрсеткіш 2%-ға төмендеді. 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсеткіш 492,9 млн долларға тең.
«Алайда бұл экспорттың төмендегенін дәлелдемейді. Себебі бидай – маусымдық тауар», – деп жазылған зетттеуде.
Ұн экспорты төмендеген. Ауғанстан неге Қазақстаннан импортты төмендетті?
Сыртқа тасымалданған өнімдер бойынша екінші орында – бидай және қара бидай ұны тұр. Олар 564,1 млн долларға экспортталды. 368 млн доллар сомаға ұн жөнелтілген негізгі ел – Ауғанстан болды. Екінші орын – 165,2 млн доллармен Өзбекстанда. Айта кетейік, 2022 жылмен салыстырғанда ұн экспорты 737,7 млн долларға төмендеді. Бұл негізінен Ауғанстанға экспорттың төмендеуіне байланысты (554 млн доллардан). 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында экспорт көлемі 235,1 млн долларды құрады.
Экспорт көлемі бойынша үшінші орында – күнбағыс, мақсары немесе мақта майы. 2023 жылы ол 332,2 млн долларға экспортталды. Бұл экспорттың негізгі бөлігі екі елге тиесілі – Өзбекстан (133,5 млн доллар) және Қытай (125,3 млн доллар). Бір жыл ішінде көрсеткіш 2%-ға төмендеді (339 млн доллардан). Ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында көрсеткіш 191,6 млн долларды құрады.
Еске сала кетсек, Азық-түлік келісімшарт корпорациясы қазақстандық фермерлерге астығын әлемдік бағамен сатуға барынша көмектесетінін хабарлады.