TikTok-та орыс тілі туралы жағымсыз пікір білдірген әйел екі жылға бас бостандығынан айырылды

Жарияланды 23 Қазан 2024 16:49

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Алматы тұрғыны TikTok-та жағымсыз пікір үшін сотталды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Алматы қаласының тұрғыны М.Жалелова TikTok әлеуметтік желісінде орыс тілі туралы жағымсыз пікірлер айтып, ұлттық араздықты қоздырғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Тергеу барысында оның өз әрекеттері арқылы орыс ұлтының өкілдерін қорлап, олардың ұлттық намысы мен ар-намысына тіл тигізгені анықталды.

Сот материалдарына сәйкес, Жалелова «Vendetta» лақап атымен тіркелген TikTok аккаунтынан тікелей эфирге шығып, аудиториясына орыс тіліне және орыс ұлтына қатысты жағымсыз, қорлайтын пікірлер білдірген. Оның тікелей эфирін 1000-нан астам адам көрген, ал оның айтқан сөздері ұлттық араздықты қоздыруға бағытталған деп танылды.

Тергеу барысында сараптама нәтижелері мен тікелей эфир жазбалары да зерттелді. Сараптама қорытындысы бойынша, Жалелованың сөздері ұлттық араздықты тудырғаны дәлелденді.

Алайда Жалелова өз кінәсін мойындаған жоқ. Ол сот барысында өзінің пікірлерін қарсыластарынан келген арандатушылықтың нәтижесі деп түсіндірді. Оның айтуынша, TikTok-тағы кейбір қолданушылар, оның ішінде орыс ұлтының өкілдері, Қазақстан мен Украинаны кемсіту мақсатында агрессиялық пікірлер айтып, ұлттық айырмашылықтарды қоздырған. Оның сөзіне сенсек, тек мемлекеттік тілді қолдап, қазақ тілінің мәртебесін көретуді мақсат еткен және осы мәселелерге байланысты ашық пікір білдірген.

Дегенмен сот М.Жалелованың әрекеттерін заңсыз деп тауып, оны екі жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.

Сондай-ақ оқыңыз