Lifestyle

Toyota Camry 80: жапондық гибрид несімен ерекшеленеді?

Жаңа Toyota Camry 80 бағасына лайық па? / фото: kursiv.media

Toyota Camry Қазақстанда үлкен сұранысқа ие және жаңа буыны автосалондарда 4 қазаннан бастап сатылымға шыққан еді. Жаңа Toyota Camry 80 көлігінің қандай жаңашылдығы бар және өз бағасына лайық па? Бұл сұрақтарға жауап ретінде KursivMedia KZ YouTube арнасында жаңа көлікке шолу жарияланды.

Бұл жолы жапондық седан екі түрлі нұсқада ұсынылмақ: дәстүрлі жанармаймен жүретін және гибрид. Жанармаймен жүретін Camry-де 204 ат күші бар, оған 240 Нм айналу моментін беретін 2,5 литрлік бензин қозғалтқышы орнатылған.

Ал гибридтік нұсқа алғаш рет ұсынылып отыр, ол да 2,5 литрлік қозғалтқыш негізінде жұмыс істейді, бірақ 186 ат күші мен 221 Нм айналу моментіне ие электромеханикалық вариатормен жабдықталған.

Гибридтік Camry «Prestige» және «Lux» нұсқаларында сәйкесінше 21,8 млн және 23,8 млн теңге тұрады, бұл дәстүрлі 2,5 литрлік қозғалтқышы бар модельден 1 млн теңгеге қымбат.

Егер, гибридті Camry-дің қалай жүретінін білгіңіз келсе, толық шолуын біздің YouTube арнамыздан көре аласыз.

YouTube video player