Шымкент қаласында шахматтан үш турнир ұйымдастырылады

Жарияланды 25 Қазан 2024 11:31

(жаңартылды 25 Қазан 2024 11:36)
post.authors.0.name

Нұртай Текебаев

Тілші
Шымкент қаласында шахматтан үш сайыс өтеді/ фото: kursiv.media

Шымкент қаласында Қазақстан шахмат федерациясы қазан айында үш жарыс өткізеді.

Ертең, 26 қазан күні гроссмейстер нормасымен шахматтан халықаралық турнир – 1-ші Ашық Шымкент Кубогы мен Қазақстанның Балалар кубогының 6-кезеңі басталады. Күндізгі сағат 10:00-де қаланың «Көрме орталығында» қос шара ресми түрде ашылады.

KazChess сайыстардың маңызы айрықша екенін атап өтті:

1-ші Ашық Шымкент Кубогы – гроссмейстер (GM) және халықаралық шебер (IM) нормативтері бар айналмалы жүйед бойынша өтетін 10 турнирдің бірі. Әр турнирге ұлттық ересектер және жастар құрамасының мүшелері, сондай-ақ басқа қазақстандық және шетелдік шахматшылар қатысады.

Қазақстанның Балалар Кубогының 6-кезеңі – республиканың балалар кубогының соңғы кезеңі. Сайыста 10 жасқа дейінгі 152 жас шахматшы мен 14 жасқа дейінгі 131 шахматшы бақ сынайды. Кубок жалпы 6 кезеңнен (әр кезеңнің жүлде қоры – 3 млн теңге) және финалдан тұрады. Ақтық сайыс 19-26 желтоқсан аралығында Алматы қаласында өтеді.

29 қазанда Әйелдер арасындағы 2024-2025 жылғы ФИДЕ Бас жүлдесінің 2-кезеңі басталады. Осы сайысқа ел атынан45-ші Дүниежүзілік шахмат олимпиадасының күміс жүлдегері, ұлттық құраманың көшбасшысы Бибісара Асаубаева қатысады.

Шахматтан өтетін турнирлерге Freedom Holding Corp. Компаниясы қолдау көрсетіп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз