Қазан айының соңғы аптасында қандай мәдени іс-шараларға баруға болады – Kursiv.kz топтама әзірледі

Жарияланды 26 Қазан 2024 10:39

(жаңартылды 27 Қазан 2024 17:25)
post.authors.0.name

Айшолпан Керім

Қазан айының соңғы аптасында қандай мәдени шаралар болады? / kursiv.media архивінен

Қазан айы түрлі мәдени-сауықтық іс-шараға толы. Өнер адамдары бұл айдың әр күнін өз бағдарламасымен толтырып қойған. Тіпті алдағы аптада бос күн жоқтың қасы. Бұл, әрине, өнерді сүйетін, кештерді ерекше өткізгенді жақсы көретіндер үшін жағымды жаңалық. Бұл жолы да, әдеттегіше, аптада болатын ең қызық іс-шаралардың тізімін әзірледік. Қалағаныңызға билет алып, барып қайтыңыз.

«Ғашықпын». Алтыншаш Мұқатаеваның мотивациялық шығармашылық кеші

26 қазан, Астана қаласы

Алдағы аптада Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының солисі, тұңғыш президент қорының грант иегері, мәдениет саласының үздігі, тағдырымен талай тыңдарманға шабыт сыйлаған қайсар әнші Алтыншаш Мұқатаеваның «Ғашықпын» атты мотивациялық шығармашылық кеші өтеді. «Ғашықпын» деген атау алған ерекше кеште өмірдің сынағына сынбаған, тағдырға төтеп бере білген, рухы мықты, өнерге шексіз ғашық Алтыншаш әуезді әндерін шырқап, өмірі мен өнері, қуанышы мен қиындықтары, жетістіктері мен жеңілістері туралы көрерменге сыр шертеді.

Алтыншаш Мұқатаева кәсіби шеберлігін шыңдау үшін үнемі ізденіс үстінде және алуан түрлі халықаралық өнер сайыстарында бақ сынап, «Париж открывает таланты» (Париж, Франция), «Planet of arts» (Мәскеу, Ресей), «Art line» (Париж, Франция), «СтранаПой» (Мәскеу, Ресей), «Золотой дракон» (Пекин, Қытай), «Magic voice», «Icon music fest» (Сочи, Ресей), «ЖасSTAR» сынды халықаралық деңгейдегі беделді конкурстардың жеңімпазы және жүлдегерлер қатарынан табылды.

Алдағы сейсенбі, 29 қазанға жоспарланған шығармашылық кеште Алтыншаштан бөлек сахнада ҚР еңбек сіңірген әртісі Айжан Нұрмағамбетова, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айзат Қарабек, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаттары Бауыржан Исаев, Ербол Тәжібаев және «ASTANA MUSICAL» мемлекеттік театры, «Birlik» ән-би ансамблі де өнер көрсетеді.

Өтетін орны: Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 10/1, Qazaqconcert ғимараты. Басталуы сағат 19:30-де.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

«Аққу көлі» балет қойылымы

30 қазан, Алматы

Балеттің негізіне ханзаданың аққу кейпіне енген аруға деген мінсіз махаббаты мен қолжетпес арманы туралы рыцарлық кезеңнің оқиғасы алынған.

Балет труппасы классикалық қойылым қояды, би ұжымы әрбір көрерменнің көргісі келетін керемет өнер қойылымын паш етеді. Нақтыланған қимылдар, жұмсақ және бірқалыпты адажио, керемет біркелкілік және орындау көркемдігі – бұл кереметтің бәрі көрерменге теңдессіз эмоция сыйлайды. Сахнаның безендірілуі ортағасырлық сарайдың атмосферасымен ұштасып, әсерлі бейнені үйлесімді толықтырады.

«Классикалық орыс балеті» – мәскеулік классикалық би труппасы. Белсенді шығармашылық өмірінде компания өзін Ресейдегі балет мектептерінің үздік өкілдері, дарынды болашағы бар жастар мен еңбек сіңірген би шеберлері кірген кәсіби дамушы ұжым ретінде танылды. Бүгінгі таңда балет труппасының негізін Мәскеу хореография академиясының, А.Я. Ваганова атындағы Орыс балет академиясының (Санкт-Петербург) және Ресейдің басқа да танымал балет мектептерінің түлектері құрайды. Классикалық орыс балетінің ұжымын қалыптастыруға оның көркем жетекшісі, театрдың солисі Хасан Усманов қатысқан болатын.

«Аққу көлін» орыс классикасының маржаны деп сенімді түрде айтуға болады, ол шын мәнінде жоғары өнердің жауһары саналады. Бұл қойылым жайлы естімеген адам кемде-кем. Алайда барлығы бірдей балет қойлымының театрға барып тұрып көрді деп сеніммен айта алмаймыз. Сондықтан қазан айының соңғы күндеріне өзге жоспар қоймай, осы олқылықтың орнын толтыруға кеңес береміз. Ал бұрын көріп қойған болсаңыз, тіпті керемет. Себебі бұл адамды жалықтырмайтын классикаға айналған шығарма.

Кеш 30 қазан күні Алматыдағы  Н. И. САЦ атындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған театрда өтеді. Басталуы: сағат 19:00.

Билеттерді Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Вкусный тур V $ X V PRiNCE 

31 қазан, Ақтөбе қаласы

Қазанның соңғы күнінде жастардың сүйікті орындаушылары Ақтөбеде жиналады. Ақтаулық музыка сүйер жастар үшін бұл күн ерекше есте қалары анық. Себебі кеште V $ X V PRiNCE лақап атымен танымал орындаушы түрлі хит тректерін орындап береді. Ырғақты ән, көтеріңкі көңіл-күй, достарыңмен би – бұдан артық не керек? Сонымен қатар кештің арнайы қонақтары тізімінде де танымал жұлдыздар бар. Олар: Кисло-Сладки, 6ELLUCCI. Жүргізуші: Курантедиса.

Өтетін орны: Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 52, Қоныс спорт сарайы

Басталуы: 19:00 

Билет алып үлгеріңіз, сатып алу үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.

Әбдіжаппар Әлқожаның шығармашылық кеші

1 қараша, Өскемен қаласы

Белгілі қазақстандық әртіс Әбдіжаппар Әлқожа Өскемендегі тыңдармандарын өзінің үлкен концертіне шақырады! Әнсүйер қауымның жүрегін өзінің сезімтал әндерімен және қуатты дауысымен бағындырған әнші шығыс төрінде хит болған әндерін орындап, жанкүйерлерін қуантуға асық.

Бұл кеш оның шығармашылығының барлық жанкүйері үшін ерекше болары сөзсіз. Ұйымдастырушылар бұл кеш қонақтарын ырғақты ән, керемет би, ерекше бағдарлама мен заманауи музыка күтеді деп уәде беріп отыр. Ал әншінің өзі концерт қонақтардың көңілінен шығып, ұмытылмастай есте қалуы үшін барын салары анық.

Осынау керемет музыкалық мерекенің куәгері болу, әсем ән және де шексіз шабытқа толы кеш өткізу мүмкіндігінен қапы қалмаңыздар! Ырғақты ән тыңдап, қаласаңыз қосыла шырқап, тербеле би билеп, бір демалып қайтыңыз.

Кеш Өскемендегі Металлургтер мәдениет сарайы ғимаратында өтеді. Басталуы: сағат 19:30.

Билеттерді Ticketon.kz  сайтынан ала аласыз. 

RaiM. Жеке ән кеші

3 қараша, Алматы қаласы

RaiM барлық тыңдарманын Алматы қаласының төрінде өтетін жеке концертіне қуана шақырады! Алдағы аптада бүкіл ТМД елдеріне танымал қазақстандық әртіс RaiM жаңа бағдарламасымен, танымал әндерімен тыңдарманын қуантпақ. Іс-шара қаламыздың ең танымал концерт алаңы – Almaty Arena-да өтеді.

RaiM – қуатты вокалымен, жарқын харизмасымен, бірегей стилімен танымал әнші. Ол қазірдің өзінде Қазақстанда да, елімізден тыс жерлерде де миллиондаған тыңдармандардың жүрегін жаулап алды. Әншінің «Дем», «Сүю», «Досым», «Шер», «Where are you», «Двигаться», «Oh my love», «Жаным-ау, сен» және бұдан өзге тағы басқа хиттері әлемнің түкпір-түкпірінде шырқалып жүр.

Жеке концертінде RaiM көптен күткен композицияларын ұсынады. Әртіс жанкүйерлерін естен кетпес көрнекі әсерлер, жанды дыбыс және тосын сый-сыяпаттармен қуантуға кепілдік береді. Бұл жай ғана концерт емес, эмоциялар мен күш-қуатқа толы нағыз музыкалық саяхат болмақ.

Кеш 3 қараша күні Алматы Аренада өтеді. Басталуы: сағат 20:00.

Билет алып үлгеріңіз, ол үшін Ticketon.kz сайтына өтіңіз.Алдағы аптада еліміздің әр қаласында өтетін өзге де концерттер, театр қойылымдары, кинопремьералар, турлар және басқа да іс-шаралар жайлы ақпарат пен билетті Ticketon.kz сайтынан таба аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз