Ерке Есмахан 9 әннен тұратын жаңа «Дауыс» атты альбомын шығарды (видео)

Жарияланды 24 Шілде 2026 08:52

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General news бөлімінің журналисі r.mutairov@kursiv.media
фото: instagram

Әнші Ерке Есмахан шығармашылық үзілістен кейін тыңдармандарына жаңа әлбом ұсынды. «Дауыс» деп аталатын ретро-жобаға жалпы 9 композиция енген.

Өнер иесінің айтуынша, бұл альбом қазақ өнерінің тарихында өшпес із қалдырған аңыз тұлғаларға арналған тағзым. Музыкалық жинақтағы әрбір композицияға жеке бейнебаян түсіріліп, ресми YouTube арнасында жарияланды.

«Дәл қазір арқамнан жүк түсіп, қуанышым қойныма сыймай, шығармашылық ләззат алып отырмын! Енді тыңдап, бейнебаянды көрген жандар әсерлеріңізбен бөлісе отырыңыздар», – деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Альбомның трек-листі:

  • «Наз»
  • «Бұрымы аппақ Анашым»
  • «Әлди-әлди»
  • «Гүлдер-ай»
  • «Тарам-тарам»
  • «Бақытты қыз»
  • «Сен»
  • «Алматы» (RaiM-мен дуэт)
  • «Өзіңді сүй»

Жобаның шығармашылық концепциясы мен музыкалық сүйемелдеуіне әншінің жолдасы, музыкант RaiM да атсалысқан. Олардың орындауындағы «Алматы» композициясы альбомдағы жалғыз дуэттік туынды болып отыр.

Сондай-ақ оқыңыз