Жаңалықтар

Израильдің әскери ұшақтары Иранның бірқатар әуе қорғанысы нысандарын істен шығарды

Тегеран
Түнгі Тегеран/ фото: Vahid Salemi/AP Photo/picture alliance

26 қазан, түнгі мезгілде, Израильдің әуе күштері Иранның негізгі энергетикалық нысандарының айналасындағы әуе қорғанысы жүйесіне шабуыл жасады.

The New York Times газетінің жазуынша, Израиль Ирандағы маңызды энергетикалық нысандарға тікелей соққы бермеген.

Израиль мен Иран әскери шенеуніктерінің мәліметі бойынша Хузестан провинциясындағы Бандар-Имам Хомейни мұнай-химия кешені, Бандар Имам Хомейнидің ірі порты, Абадан мұнай өңдеу зауыты және Илам провинциясындағы газ кен орнының жанында әуе қорғанысы жүйесі нысанаға алынған.

Axios дерегінше, Иранның баллистикалық зымыран бағдарламасының маңызды бөлігі болып есептелетін нысан жойылды. Яғни алысқа ұшатын баллистикалық зымырандарға қатты отын өндіру үшін пайдаланылатын 12 араластырғышты істен шығарды.

Иран мұндай жабдықты өз бетімен шығара алмайды. Оларды Қытайдан сатып алады. Араластырғышты жөндеуге кемінде бір жыл қажет.

Шабуыл нәтижесінде стратегиялық орындарда орналасқан Тегеранның ядролық және энергетикалық нысандарын қорғайтын төрт S-300 әуе қорғанысы батареясына соққы берілді.

Сенбінің түнінде Израиль Иран қарулы күштерінің зымыранмен шабуылдағанына осылайша жауап берді.