Филадельфия прокуроры миллиардер Илон Маскты сотқа берді

Жарияланды 29 Қазан 2024 16:18

(жаңартылды 29 Қазан 2024 16:32)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
Илон Маскты сотқа берді
Филадельфия прокуроры миллиардер Илон Маскты сотқа берді / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

АҚШ-тың Филадельфия штатының прокуроры әлемдегі ең бай адамдардың бірі, миллиардер Илон Маскты сотқа берді. Сот Пенсильвания штатының заңнамасына сәйкес азаматтық іс қозғады.

Илон Маск пен оның Дональд Трампты қолдауға арналған America PAC ұйымы сайлау қарсаңында кейбір штаттарда күнделікті 1 миллион доллар  таратқаны үшін айыпталып отыр. 

DW ақпаратына сүйенсек, іс «заңсыз лотерея схемасына» қатысты болып отыр. Прокурор 5 қарашада президенттік сайлауға дейін күшіне енетін бұйрық беруді талап еткен. 

Сонымен қатар прокурор America PAC сайлаушыларға үлкен ақша ұтып алу мүмкіндігімен қоса, жеке ақпаратпен бөлісуді ұсынатынын ескертіп отыр.

Илон Маск өзінің лотереясын қазан айының басында бастаған. America PAC ұйымы күн сайын Пенсильвания, Джорджия, Невада, Аризона, Висконсин, Мичиган және Солтүстік Каролина Штаттарының бірінде кездейсоқ таңдалған сайлаушыларға миллион доллар төлеуге уәде берген. Қатысу үшін электрондық пошта мекенжайын енгізіп, АҚШ Конституциясына сөз бостандығы мен қаруды сақтау-алып жүру құқығын қорғау туралы петицияға қол қоюы керек.

Пенсильванияда Маск петицияға қол қойған әрбір азаматқа 100 доллар төлеуге ниетті. Өзге штаттарда 47 доллар беріледі.

Айта кетейік, Филадельфия прокуратурасын демократтардың жақтаушысы Лоуренс Краснер басқарады.

Сондай-ақ оқыңыз