Жаңалықтар

Қазақстандықтар жеке ХҚО ашып, табыс таба алады

Қазақстанда жеке халыққа қызмет көрсету орталығын ашуға рұқсат етеді/ фото: kursiv.media архивінен

Қазақстандық кәсіпкерлер жеке халыққа қызмет көрсету орталығын ашып, мемлекеттік қызмет арқылы табыс таба алады. Мемлекеттік корпорация кейбір функцияларды жеке секторға бергісі келеді. Дегенмен әркім жеке деректерге қол жеткізе алмайды. Мұның бәрі кәсіпкердің серіктес болу жолын таңдауына байланысты. Жаңа жобаны қолға алған адамдар дербес деректің таралмауына жауапты болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» үш сервисті ұсынады.

«Мемлекеттік корпорация агенті мекеме атынан мемлекеттік қызмет көрсетеді. Агент осы үшін ақы алады. Халыққа қызмет көрсететін жеке орталық құратындар «жүйе серіктесі» деп аталады. Сонымен қатар тағы бір жол ХҚКО сенімгерлік басқаруға беріледі», – деп түсіндірді мемкорпрация.

Серіктес болуға өтінімдер 28 қазан мен 8 қараша аралығында қабылданады. Ол үшін азаматтар gov4c.kz сайтына тапсырыс беруі керек.