Банк пен қаржы

Қазақстан 2029 жылға қарай шетелден қосымша 150 млрд доллар тікелей инвестиция тартуға ниетті

Фото: shutterstock.com

Қазақстан 2029 жылға қарай шетелден қосымша 150 млрд доллар тікелей инвестиция тартпақ. Сондықтан үкімет өнеркәсіп секторындағы инвестициялық климатты жақсартуға ниетті. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаев Шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстанда жалпы 4,5 мыңнан аса пайдалы қаззбалар кен орны бар. Соңғы алты жылда геологиялық барлауға 1 миллиард доллардан астам жеке инвестиция тартқан.

Біз 2029 жылға қарай шетелден қосымша 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тартамыз деген өршіл мақсат қойдық. Бұл міндетті іске асыру үшін Үкімет жанындағы Инвестициялық штабқа туындаған проблемаларды жедел шеше алатын құзырет берілді. Биыл мамыр айында ұлттық экономиканы ырықтандыруға негіз қалаған Жарлыққа қол қойдым. Біз елімізде инвесторлардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай жасау бағытында жүйелі шаралар қабылдауды жалғастыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазір еліміздегі 1,6 миллион шаршы шақырымға жуық аумаққа геологиялық зерттеу жүргізу үшін жер қойнауын пайдалану құқығын алуға болады.

«Жақында қабылданған 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылым жоспары жергілікті өндірушілерге тың мүмкіндік ұсынады. Жалпы сомасы 86 миллиард доллардан асатын 200-ге жуық ірі инфрақұрылымдық жоба іске асырылмақ. Үкімет жергілікті өндірушілерден офтейк-келісімшарттар арқылы сатып алуға арналған тауарлар тізімін жасақтап жатыр. Өнеркәсіп өркендеуі үшін жоғары білікті жұмысшылар қажет. Сондықтан мен 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияладым. Біз Қазақстандағы кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға, сондай-ақ тиісті инфрақұрылымды дамытуға ниетті инвесторларды іздейміз, – деді Президент.

Сонымен қатар, Қазақстан жыл сайын шығарылатын мұнай көлемін 100 млн тоннаға жеткізбекші.