Жыл соңында Қытайдың нөмірі бірінші көлік маркасы Қазақстанда сатылымға шығарылады

Жарияланды 31 Қазан 2024 11:08

(жаңартылды 31 Қазан 2024 11:49)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
BYD-дің ресми сатылымы бұған дейін бірнеше рет шегерілген / Архив: kursiv.media

Қазақстанда биылғы жылдың соңына дейін қытайлық BYD маркалы электр көліктерінің ресми сатылымы басталады. Бұл туралы «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов айтты.

Оның сөзінше, BYD автокөліктерінің Қазақстанда ресми сатылымы желтоқсан айында басталады. Нарықта бірінші болып екі электромобиль сатылады. Олар Song Plus кроссовері және Han седаны. Бірақ брендтің гибридті үлгілері Қазақстанға 2025 жылы бір-ақ әкелінеді.

Дегенмен гибридтер ең танымал, сұранысқа ие көлік түрі болады деп болжануда. Өйткені олар жергілікті сатып алушылар үшін оңтайлы шешім. Қазақстанда зарядтау инфрақұрылымы әлі жеткілікті түрде дамымаған. Сондықтан бұл гибрид модельдер елдің экологиялық таза өмір салтына қолайлы көшуін қамтамасыз етуге көмектеседі.

Еске сала кетейік, бұған дейін Chinese Automobiles BYD Қазақстан нарығына осы жылдың көктемінде шығуды жоспарлап отырғанын жазған болатын. Алайда, еуропалық стандарттар бойынша кешенді сертификаттаудан өту қажеттілігіне байланысты процесс кейінге қалдырылды. BYD брендінің Қазақстан нарығына ресми келуі көптен күткен оқиғалардың бірі.

Қытайдың автокөлік нарығында сатылым төмендеді. Бірақ соған қарамастан, BYD тамыз айында көлік саудасын арттырды

Сондай-ақ оқыңыз