Жаңалықтар

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ – СІМ

В Испании ищут погибших от наводнения. Количество жертв достигло почти 100 человек — Видео
СІМ Испаниядағы су тасқынынан қаза тапқандар арасында қазақстандықтардың жоқ екенін хабарлады / Фото: REUTERS/Susana Vera

Испанияда су тасқынынан қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл жайлы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі – Айбек Смадияров хабарлады.

«Испания билігінің алдын ала берген мәліметіне сәйкес, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың арасында қазақстандықтар жоқ», – делінген СІМ өкілінің жауабында.

Айта кетейік, Испанияда 29 қазан күні нөсер жаңбыр басталды. Салдарынан су деңгейі көтеріліп, елдімекендерді тасқын су басты. ВВС басылымының хабарлауынша, су тасқыны кезінде 95 адам қаза тапқан. Нақтырақ айтсақ, Испанияның Валенсия өңірінде 92 адамның қаза тапқаны хабарланды. Сонымен бірге тағы 3 адамның мәйіті Кастилья – Ла Манча және Андалусия елдімекендерінен табылған.

Су тасқынынан қатты зардап шеккен осы Валенсия, Кастилья – Ла Манча және Андалусия елдімекендері.

Ел үкіметі қаза тапқандар саны бұдан да көп болуы мүмін деп топшылайды. Өйткені хабар-ошарсыз кеткендер көп. Құтқару қызметі мен теле-радиостанцияларға туған туыстарын іздеп хабарласып жатқан адамдар саны артып келеді. Тасқын судан 150 мыңнан астам үй жарықсыз қалған. Мұндай су тасқыны Испанияда 1973 жылдан бері болмаған.