Lifestyle

«Астана Моторс» автокөліктер үшін мультимедиялық жүйелер өндіретін зауытты іске қосты

Фото: «Astana Motors» баспасөз қызметі

30 қазанда «Kazakhstan Mobility Engineering» автокөліктерге арналған мультимедиялық жүйелерді шығаратын зауыт ресми іске қосылды. Аталған зауыт «Astana Motors» пен әлем бойынша Hyundai және Kia үшін мультимедиялық жүйелерді жаһандық жеткізуші Motrex компаниясының бірлескен кәсіпорны.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев, «Motrex» бас директоры Ким Джунсон, «Астана Моторс» компаниясының негізін қалаушы Нұрлан Смағұлов және компанияның бас директоры Бекнұр Несіпбаев қатысты.

Зауыттың техникалық ашылуы 2024 жылдың қыркүйек айында өтті. Мәзірге қазақ тілі енгізілген. Электронды аудио-бейне жабдығының бірінші партиясы Tucson, Elantra және Palisade автокөлік модельдеріне орнату үшін  Hyundai Trans Kazakhstan зауытына берілді.

Өз сөзінде ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев зауыттың іске қосылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға қосылған елеулі үлес екеніне сенім білдірді.

 «Біздің басты мақсатымыз – локализациялау деңгейі жоғары өндірістік циклді құру», – деді Қ. Шарлапаев.

Жергілікті өндірістің маңыздылығын Motrex бас директоры Ким Джунсон да атап өтті.

«Астана Моторспен серіктестік бізге жергілікті қажеттіліктерге тез жауап беруге, жұмыс орындарын құруға және Қазақстанның экономикалық өсуіне қолдау көрсетуге мүмкіндік береді»,- деп атап өтті Ким Джунсон мырза.

Сонымен қатар бүгін Kazakhstan Mobility Engineering зауыты үшін тағы бір айтулы оқиға болды. Astana Motors компаниясы оңтүстіккореялық Sanico Electronics өндірушісімен меморандумға қол қойды. Келісім аясында қазақстандық тарап мультимедиялық жүйелерге арналған микрочиптер мен алюминий корпустарын штамптауға құқығын алады. Аталмыш ынтымақтастық келешекте елімізде автокөлік бөлшектерін өндіруді локализациялауды одан әрі тереңдеуге, сондай-ақ қазақстандық инженерлік және техникалық қызметкерлердің біліктілігін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Айта кету керек, «Kazakhstan Mobility Engineering» зауыты Алматы қаласының Индустриалды аймағында автокөлік бөлшектерін шығару бойынша салынып жатқан «Astana Motors Engineering» технопаркінің құрамына кіреді.