Дуров Telegram-ның бейне платформаға айналатынын айтты

Жарияланды 1 Қараша 2024 10:05

(жаңартылды 1 Қараша 2024 10:44)
Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

General News бөлімінің редакторы a.tolendi@kursiv.media
telegram видеоплатформа
Дуров Telegram-ның бейне платформаға айналатынын айтты / Фото: shutterstock

Telegram қолданушыларына видеоны тамашалау үшін оны жүктеудің қажеті болмайды. Мессенджер интернетке қосылу жылдамдығына бейімделеді. Платформадағы жаңа жаңартулар туралы оның негізін қалаушы Павел Дуров жазды.

«Осы уақытқа дейін телеграмм-арналардағы бейнелер жүктелген форматта көрсетіліп, қолданушылар қысқа видеоны көру үшін гигабайттар жұмсап, жүктеп алуға мәжбүр болды. Енді Telegram серверлері видеоларды бірнеше сапа түрінде ұсынады», — деп жазды Дуров.

Ол енді бейнені қарау кезінде Telegram автоматты режимде қосылу жылдамдығына байланысты бейне сапасын өзгертетінін түсіндірді.

Бұдан бөлек, платформада бұрын жіберілген хабарламаларға фотосуреттер немесе бейнелерді қосу мүмкіндігі пайда болды. Функцияны өңдеу мәзіріне кіріп бейімдеп алу қажет.

Осыған дейін мессенджерде Stars ішкі валютасы арқылы сыйлықтар жіберу мүмкіндігі болған. Әзірге сыйлықтардың 12 түрі бар. Оларды жасырын түрде де жіберуге болады.

Қыркүйек айында Telegram негізін қалаушы Павел Дуров мессенджер тиісті органдардың сұраныстары бойынша пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен телефон нөмірлерін беретінін хабарлады. Дегенмен Telegram-ның пайдаланушылар туралы ақпаратты ашпайтын, қауіпсіз мессенджерлердің бірі деп аталып келеді.

Дуровтың бұл шешіміне 24 тамызда Франция полициясының өзін ұстап алып кетуі себеп болған.

Сондай-ақ оқыңыз