Қытайлық 24 жастағы Гун есімді Криштиану Роналду жанкүйері Сауд Арабиясына жету үшін велосипедпен 13 000 шақырым жолды еңсеріп, Қазақстан, Грузия, Иран және Катар елдерінен өтті. Бұл туралы қытайлық South China Morning Post хабарлады.
Гунның айтуынша, бұл ерекше саяхаттың мақсаты Роналдумен кездесу бала күнгі арманы.
Қытайлық жиһангез-жанкүйер өзінің саяхатын 18 наурызда Қытайдың шығысындағы Аньхой провинциясынан бастады. Ол алдымен Бейжіңге, содан кейін Синьцзян арқылы Қазақстанға өтті. Қазақстаннан кейін Грузия, Иран, Катар және басқа елдер арқылы жол жүріп, Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядқа жетті.
Сапар барысында Гун Актау қаласының маңындағы Каспий теңізінің жағалауымен жүрген сәтін Douyin желісінде бөлісті. Оның жүгінде тек екі сыртқы аккумулятор, шатыр, тамақ әзірлеуге арналған құралдар, киім-кешек және басқа да қажетті заттар ғана болған. Жергілікті тұрғындармен тіл табысу үшін ол аударма қосымшасын пайдаланған. Кейбір елдерде азық-түлік бағасы қымбат болғандықтан, Гун тек нанмен қоректенуге мәжбүр болды. Арменияда тамағы ауырып, ауруханаға түскені де белгілі.
10 қазанда «Аль-Наср» футбол клубының қызметкерлері Гунға Роналдумен бір минуттық кездесу ұйымдастыратынын айтты. 19 қазанда Қытайдан келген басқа жанкүйер Гунды матчқа шақырып, алғаш рет Роналдуды көруге мүмкіндік берді. Келесі күні Гун арманына жетіп, Роналдумен қол алысып, құшақтасып, футбол жейдесімен мен суретіне қолтаңба алды.
Велосипедпен саяхаттау идеясы Гунға ақпан айында келді. Ол кезде Криштиану Роналду жарақатына байланысты Қытайға сапарынан бас тартқан еді. Бұл саяхат оның өмірге көзқарасын кеңейтіп, жаңа достар табуға мүмкіндік берді. Гунның келесі бағыты – Роналдудың туған жері Португалия.
Еске сала кетейік, Криштиану Роналду жақында өзінің YouTube арнасын ашып, бір тәулікте 19 млн оқырман жинап, әлемдік рекордты орнатты.