Шымкенттегі шахматтан FIDE турнирінде Бибісара Асаубаева 2-турдан кейін көш бастап тұр

Жарияланды 1 Қараша 2024 15:24

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Бибісара Асаубаева 2-турдан кейін көш бастап тұр / фото: шахмат федерациясы

Шымкентте өтіп жатқан Шахматтан әйелдер Гран-приінің 2-кезеңінің 2 турдан кейін 20 жастағы Бибісара Асаубаева үздік үштікке енді. Бұл туралы Шахмат федерациясы хабарлады.

Федерацияның мәліметінше, шахмат турнирінің алғашқы екі туры артта қалды, ал қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева жақсы нәтижелер көрсетіп жатыр. Оның көрсеткіші – 1,5 ұпай. Бұл көрсеткішті ол Грекиялық Ставрула Цолакиду және Қытайлық Тань Чжунъи секілді мықты қарсыластармен бөлісіп отыр, яғни, бұл үш шахматшының әзірге ұпайы бірдей болып отыр.

Турнир кестесі келесідей:

1-3 орындар: Бибисара Асаубаева (Қазақстан, 2487), Ставрула Цолакиду (Греция, 2439) және Тань Чжунъи (Қытай, 2551)

4-8 орындар: Хампи Конеру (Үндістан, 2530), Александра Горячкина (ФИДЕ, 2533), Дивья Дешмух (Үндістан, 2501), Батхуягийн Монгонтуул (Моңғолия, 2344) және Катерина Лагно (ФИДЕ, 2527) – 1 ұпайдан;

9. Нургюл Салимова (Болгария, 2405) – 0,5 ұпай;
10. Элизабет Петц (Германия, 2458) – 0 ұпай.

Бүгін 1 қараша күні үшінші турда келесі жұптар өзара бақ сынайды:

Дивья Дешмух – Александра Горячкина
Тань Чжунъи – Катерина Лагно
Батхуяг Монгонтуул – Хампи Конеру
Нургюл Салимова – Элизабет Петц
Бибисара Асаубаева – Ставрула Цолакиду

Бұл турда Бибисара Асаубаева грек шахматшысы Ставрула Цолакидумен кездеспек.

Еске сала кетейік, қазақ айында Шымкентте шахматта бірнеше турнир өтті. Бұған дейін, Қазақстанның Балалар кубогының 6-кезеңінде бақ сынау үшін Шымкентке 10 жасқа дейінгі 163 шахматшы және 14 жасқа дейінгі 128 шахматшы бас сынасты. Бұл елімізде өтіп жатқан балаларға арналған тұңғыш көп сатылы турнир. 6-кезеңнен кейін финал Алматыда 19-26 желтоқсан аралығында өтеді.

Сондай-ақ оқыңыз