Тоқаевтан сөгіс алған әкім «Шахтер» футбол клубын сынға алды

Жарияланды 4 Қараша 2024 12:46

(жаңартылды 4 Қараша 2024 12:46)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Бөлекпаев «Шахтер» футбол клубын сынға алды / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Президенттен сөгіс алған Қарғанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев «Шахтер» футбол клубын сынға алып, легионерлермен қош айтысуға тапсырма берді. Бұл туралы облыс әкімдігі хабарлады.

Қарағандыда футболды дамыту бойынша жиында әкім «Шахтер» футбол клубының басқару жүйесіне көңілі толмайтынын айтты.

Клубтың ұзақ мерзімді дамыту межесі, маркетингтік стратегиясы жоқ. Футболшылардың іріктеу жүйесі сын көтермейді. 25 футболшының 12-сі – легионер. Жалпы алғанда, клуб шетелдік легионерлерді қолдау қорына айналды. Тұрақты қаржылық модель жасалмаған, – деді әкім.

Айта кетейік, «Шахтер» биылғы маусымның қорытындысы бойынша турнирлік кестеде соңғы орын алып, мерзімнен бұрын төменгі лигаға түсті.

Бұл мәселенің шешімін табу үшін Ермағанбет Бөлекпаев бірқатар шұғыл және стратегиялық шараларды қабылдау қажеттігін мәлімдеді. Оның ішінде басқару тәсілдер мен кадрлық құрамды ауыстыру. Бір айдың ішінде клубтың стратегиясын әзірлеу керек, оның аясында футбол инфрақұрылымын дамыту жоспарын айтты.

Сондай-ақ, облыс әкімі балалар мен жасөспірімдер футболын дамыту, отандық мамандарды даярлауға қатысты тапсырмалар берді.

Біріншіден, өңірлік спорт басқармалар негізінде «Шахтер» футбол клубының филиалдарын ашу қажет. Бұл клуб академиясына іріктеу үшін селекциялық жүйе құруға мүмкіндік береді. Екіншіден, жергілікті жас дарындарға жол ашу мақсатында келесі жылы балалар мен жасөспірімдер командалары арасында футбол турнирін ұйымдастыру қажет, деді Бөлекпаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Тоқаев Бөлекпаевқа сөгіс берген еді. Жылу беру маусымына дайындығына Президенттің көңілі толмаған. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желіде хабарлаған болатын.  Саран қаласындағы қазандықтан шикілік шыққан. Премьер-министр Бектенов тоңған қала үшін жауапкершілікті Саран қаласының әкіміне жүктеген еді. Еркін Баулықов қызметінен кеткен.

Сондай-ақ оқыңыз