Астанада еңбек қауіпсіздігі шарттарын ескермеген құрылыс компаниясының басшысы сотталды. Осының салдарынан екі адам көз жұмған. Елордадағы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сот үкім жариялады.
Қаладағы ғимарат қоймасын бұзу жұмыстары жүргізілген. Сол кезде шатыр опырылып, екі кісі көз жұмды. Құрылыс компаниясының басшысы жұмыс істеген кісілермен шарт жасаспаған. Бригада жұмысын қадағаламаған.
Сот отырысында айыпкер өз кінәсін мойындады. Жәбірленушілердің өкілдері оны соттамауды сұраған.
«Сот М.-ны ҚК 277-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге биіктікте құрылыс-монтаждау жұмыстары саласында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындады», – деп хабарлады ауданаралық соттың баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.