Қазан айында 45 мыңнан аса адам баспана жағдайын жақсарту үшін БЖЗҚ-дағы артық зейнетақы жинағын алуға өтініш берген. Бұл көрсеткіш қыркүйек айымен салыстырғанда 15 пайызға артық.
Бірінші несие бюросының жазуынша, өткен айда зейнетақы қорынан тұрғын үй жағдайын жақсартуға 37,5 млрд теңге бір реттік төлем ретінде берілген. Биылғы ең жоғары көрсеткіш шілде айында тікелген. Бұл айда қазақстандықтар зейнетақы қорынан жинақ шегінен асатын 45,3 мың теңге алды.
Қазан айында өтініш бергендердің үштен бірі Отбасы банктегі жинақтарын толықтырған. Ал 38 пайызы артық жинағын үй сатып алуға жұмсаған.
Артық зейнетақы жиғанын алатындарың қатары неге артты?
Мамандар сұраныстың күрт артуын «жеткілікті шектен асатын зейнетақы жинағын алуды шектеу» бастамасымен байланыстырады. Шілдеде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БЖЗҚ-дан қаражатты мерзімінен бұрын алуға тыйым салуды ұсынды. Өйткені қордағы қаржы келешек зейнеткерлерге зейнетақы төлеуге жетпей қалуы мүмкін.
Одан кейін Денсаулық сақтау министрлігі де артық ақшаны тіс емдеуге бермеу керек деген бастама көтерген. Өйткені артық ақшасына тісін емдетпей, қолма-қол ақшаға айналдырып алатындардың қатары көбейген.
2021 жылдан бері қазақстандықтарға зейнетақы жинағының белгілі шектен асатын бөлігін тұрғын үй алу, тіс жөндету, емделуге алуына мүмкіндік берілді. Содан бері БЖЗҚ-дан алынға қаржы көлемі 3,4 трлн теңгеден асқан.