Air Astana президенті Питер Фостер саяхаттау және билет сатып алу үшін ең тиімді кезеңді атады. Ол қазақстандықтарға сапарларды алдын-ала жоспарлауға кеңес береді.
«Билеттерді алдын-ала сатып алыңыз. Егер сіз Еуропаға барғыңыз келсе, онда саяхаттаудың ең жақсы уақыты – маусым және қыркүйек. Егер сіз Азияға ұшқыңыз келсе, онда сапарды қыста жоспарлауыңыз керек», – деді Фостер.
Осы орайда ол үш қатерлі кезеңді атады.
«Осы үш кезеңге сақ болу керек: Еуропалық Жаңа жыл, Рождество және Қытай жаңа жылы. Сол кезде билеттер ең қымбат. Қазір билет сатып алатын ең жақсы уақыт », – деп кеңес берді Air Astana президенті.
Бұған дейін рейстердің географиясы кеңейетіні белгілі болды. Оның ішінде Жапонияға тікелей рейс бар. Сонымен қатар 2024 жылдың қазан айынан бастап Қазақстаннан Жидда мен Мәдинаға рейстер ашылды.