Қазақстаннан Жапонияға тікелей әуе рейсі 2026 жылдың наурызында іске қосылады

Жарияланды 5 Қараша 2024 18:19

(жаңартылды 5 Қараша 2024 18:22)
Құралай Құдайберген

Құралай Құдайберген

Business News бөлімінің тілшісі q.qudaibergen@kursiv.media
АҚШ-қа тікелей рейс ашу мәселесі қашан шешіледі? / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстаннан Жапонияға тікелей әуе рейсі 2026 жылдың наурызында іске қосылады. Бұл туралы Air Astana әуе компаниясының басшысы Питер Фостер арнайы брифинг барысында айтты.

«Қазақстаннан Жапонияға тікелей әуе рейсі 2026 жылдың наурызында іске қосылады», – деп атап өтті Фостер.

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынас 1992 жылы орнатылған болатын. Енді 2026 жылдан бастап Japan Airlines компаниясымен келісім арқылы Токиоға тікелей рейстер орындалады.

Бұл ретте ол АҚШ-қа тікелей рейс ашу бойынша мәселе әлі шешілмегенін атап өтті. Мұнда ең маңыздысы елге Boeing 787 Dreamliner ұшағының жеткізілуі.

«Мәселе Boeing 787 Dreamliner ұшағына байланысты. Жуыра болған өзгерістерден кейін Boeing-тің беделіне нұқсан келді. Иә, Boeing жеткізілімі қатты зардап шекті, әсіресе, кеше ғана яқталған шерулерден соң. Сондықтан 2025 жылдың аяғында немесе 2026 жылдың басына дейін мұндай ұшақтардың жеткізілуі екіталай», – деді спикер.

2023 жылдың соңында тасымалдаушының әуе паркінде 49 ұшақ болса, алдағы 4-5 жылда әуе кемелері санын 80-ге жеткізу көзделген.

«Ұшақ паркіне қатысты жоспар өзгерген жоқ. Бүгінгі күні әуе кемелеріміздің саны 57. Ал 2026 жылдың соңына қарай олардың санын 66-ға жеткізду жоспарланған. 20 27 жылдың соңына қарай 73 ұшақ болса, 2028 жылдың соңына дейін Air Astana әуе кемелері паркі 80 ұшаққа жетеді», – деді Фостер.

Бұл ретте ол қазақстандықтар тарапынан Таяу Шығыс елдері мен Қытай, Жапония, Корея, Таиланд, Вьетнамға сұраныс артқанын атап өтті.

Еске сала кетсек, 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Air Astana компаниясының түсімі 12,7%-ға өсіп, 459,365 млрд теңгеге жетті. 

Сондай-ақ оқыңыз