Былтыр Қонаев қаласында екі полиция қызметкері мектеп оқушысымен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған. 7 қарашада шағым түсуіне байланысты Алматы облыстық полиция департаменті деректі тіркеген. Олардың бірі кәмелетке толмаған жөніндегі инспектор екені, екіншісі күзет полициясында жұмыс істейтіні анықталды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жүргізілді.
Алматы облыстық полиция департаменті аталған істің құрамында қылмыстық құқық бұзушылық жоқ деп хабарлады.
«Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы (зорлау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2024 жылдың 12 тамызында тергеп-тексеру нәтижесі бойынша ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағының негізінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл шешімді облыс прокуратурасы бекітті», – деді ақпаратты растаған ПД баспасөз қызметі.