Банк пен қаржы

Банктердің ISO 20022 стандартына өтуі ақша аудару мен төлем жасауға кері әсер ете ме?

Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Ұлттық Банк екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, төлем жүйелеріне ISO 20022 халықаралық стандартын енгізеді бастады. Бұл стандарттың енгізілуі банктердің қызметіне еш әсер етпейді. Клиенттер ақша аударып, онлайн төлем жасай береді.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде банктерге ISO 20022 стандартының енгізілуіне байланысты уақытша аударым жасалмай, төлем жүргізілмей қалатыны және қолма-қол ақша ұстауға шақырған хабарлама тараған.

Алайда Ұлттық банк бұл жұмыстардың карточкалармен жасалатын төлемдерге еш қатысы жоқ екені атап өтеді. Осылайша, халықтың төлем карталары, QR-кодтар, мобильді аударымдар, банкоматтардан қолма-қол ақша алу, ұялы байланыс төлемдері және басқа да төлемдер өзгеріссіз қалады.

«Халықаралық төлем хабарламалары стандартын қолдану банктерде клиентке қаржы қызметін көрсету тәртібін өзгертпейді», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ақпарат жүйелерін баптау қажет болғандықтан, банктер техникалық жұмыстар жүргізеді.

«Сондай кезде банкаралық қызмет көрсетуге байланысты төлемдерді қабылдау кестесінде қысқамерзімді өзгерістер болуы мүмкін (қаржы ұйымдары ISO 20022-ні енгізетін демалыс күндерінде)», – деп атап өтеді бас банк.

Қаржы мекемелері қазір клиенттерін жаңа стандартқа көшуге байланысты техникалық жұмыс жүргізілетін уақыт туралы алдын ала хабардар етіп жатыр. Банктер қарашаныі соғына қарай бұл стандартқа толық көшеді.

ISO 20022 – электронды хабарлама алмасатын әлемдік стандарт. Ол қаржы ұйымдары арасындағы бизнес-процестерді автоматтандыру үшін жасалған. Бұл стандартқа көшу нарық қатысушыларына ISO 20022 негізінде жүзеге асырылатын жаңа шешімдерге қол жеткізуге мүмкіндік береді