Әділет министрлігі соңғы кездері әлеуметтік желілерде алаяқтардың белсенділік танытып жатыр. Осыған орай министрлік сақ болуға шақырады.
Алаяқтар WhatsApp мессенджері немесе басқа қосымшалар азаматтарға сот орындаушыларының атынан хабарлама жолдап, төлем сомасын жібереді. Кейде салықтық төлемдер жайлы ақпарат та алаяқтардан келуі мүмкін. Әділет министрлігі өз кезегінде ведомство тарапынан мұндай хабарламалардың мессенджерлер арқылы жіберілмейтінін ескертеді.
«Мұндай хабарлама келген жағдайда Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне кіріп, жеке сәйкестендіру нөмірін енгізу арқылы ақпараттың рас немесе жалған екенін тексеруді сұраймыз»,- делінген хабарламада.
Министрліктің ақпараттық жүйесіне мына сілтеме арқылы кіруге болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының тізілімі мен байланыс деректері де министрліктің ресми сайтында жарияланған.
Осы орайда министрлік алаяқтарға алданбас үшін тек ресми дерек көздерге сенуге шақырады. Сондай-ақ жеке деректерді бөтен адамдарға жария етпеу ұсынылған.