Америкалық зерттеу орталығынан 40 маймыл қашып кетті

Жарияланды 7 Қараша 2024 21:39

Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
фото: kursiv.media

АҚШ-тың Оңтүстік Каролина штатындағы Alpha Genesis зерттеу орталығында эксперимент жүргізіліп жатқан 40 маймыл қашып кетті.

NBS News хабарлауынша, полицейлер жануарларды ұстау үшін тұзақ құрған. Оларды іздеу үшін термовизиялық камералар қолданылады.

«Тұрғындарды бұл жануарлардың үйлерге кіруіне жол бермес үшін есіктер мен терезелерді жабық ұстауға шақырамыз», – делінген Йемасси Шериф департаментінің мәлімдемесінде.

Аталған орталық биомедициналық зерттеулерде приматтарды өсірумен және пайдаланумен айналысады. Қашып кеткен маймылдардың тұқымы қандай екені белгісіз. Бірақ орталықта макака мен капучиндер бар екені белгілі болған.

Тележурналистер қашып кеткен жануарлардың қай эксперименттерге қатысқанын және олардың қандай инфекцияға ұшырағанын анықтай алмады.

Сондай-ақ оқыңыз