Димаш Құдайберген Парижде атақты «Schiaparelli» сән үйі үшін Вандом алаңындағы сарайда фототүсірілім жасады

Жарияланды 10 Қараша 2024 15:59

(жаңартылды 18 Қараша 2024 10:24)
Нұртай Текебаев

Нұртай Текебаев

Тілші
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Парижде салтанатты фототүсірілімге қатысты. Сән-салтанатты, маңғаз шаһар Димашты еліне жібергісі жоқ.

ҚР Президентінің жұмыс сапарынан кейін әнші Франция астанасында қалып қойған. Оның Schiaparelli сән үйінің өтініші бойынша фототүсірілімдерге қатысып жатқанын жанкүйерлері хабарлады.

Schiaparelli сән үйін 1927 жылы  аристократ отбасында тәрбиеленген Эльза Скиапарелли ашқан. Алғашқы кезде шағын шеберханада жұмыс істейді. 1934 жылы Париж маңындағы Вандом алаңында алғашқы дүңгіршегін ашады. Осыдан кейін сән әлемінде даңқы шартарапқа жайылды. Эльза Сальвадор Дали, Жан Кокто, Ман Рэй, Альберто Джакометти және Марсель Вертес сынды танымал өнер адамдарымен бірлесе отырып, сол кездегі жаңа стильдегі киімдерді назарға ұсынды. Скиапарелли бизнесі бірнеше жылдан Америка нарығын бағындырды.

2014 жылы 60 жылдық үзілістен кейін, Шиапарелли үйін итальяндық кәсіпкер, Tod’s аяқ киім брендінің иесі Диего Делла Валле қайта жандандырды. 2017 жылы Шиапарелли жоғары сән үйі мәртебесіне ие болды.

фото: istockphoto.com

Димаш Құдайберген ең алғашқы бутик ашылған Вандом алаңында фотоға түсті. Вандом алаңында ең көне кароль сарайы орналасқан. Әу бастан-ақ алаң элита мәртебесіне ие болды. Мұнда тек байлар мен ақсүйектер  тұрды.

Айта кетейік, қараша айында Париждегі Елисей сарайында Қазақстан Президентінің құрметіне орай Макрон атынан мерекелік шара ұйымдастырылды. Екі елдің басшысы қатысқан салтанатты кеште Димаш өзінің репертуарындағы француз тілінде «SOS d’un terrien en détresse» шығармасын, сондай-ақ қазақтың халық әні «Дайдидау» әнін орындады.

Еске сала кетейік, 22 мен 24 қараша күндері Димаш Құдайберген Прага мен Дюссельдорфта жеке концерттерін береді. Осыған орай, Қазақстаннан Еуропаға Димаштың концертіне бару үшін қанша қаражат кететіні туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз