Астанадан Фукуок аралына тікелей рейс ашылады

Жарияланды 11 Қараша 2024 16:00

(жаңартылды 11 Қараша 2024 16:00)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Астанадан Фукуок аралына тікелей рейс ашылады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Air Astana әуе компаниясы 3 желтоқсаннан бастап Қазақстан астанасынан Фукуок курорттық аралына (Вьетнам) тікелей рейстерді іске қосатынын хабарлады. Рейстер Airbus A321LR ұшағымен сейсенбі, жұма және жексенбі күндері аптасына 3 рет жиілікпен орындалады.

Бұған дейін, Алматы-Фукуок тікелей әуе қатынасы 28 қазаннан бастап енгізілді және Қазақстанның екі қаласынан Фукуокқа келетін рейстердің жалпы саны аптасына 8 жиілікті құрайды, бұл қазақстандықтарға екі хаб арқылы рейстерді біріктіруге мүмкіндік береді.

Астана-Фукуок-Астана бағыты бойынша рейстер келесі уақыттарда орындалады:
КС173 рейсі Астанадан 21.30-да ұшады және Фукуокқа 07.45-те ұшып келеді. КС174 қайтар рейсі Фукуоктан 09.15-те ұшады және Астанаға 16.15-те ұшып келеді.

Екі жаққа билеттің ең төменгі құны эконом-класта 380 720 теңгеден, бизнес-класта 973 821 теңгеден басталады.

Еске сала кетейік, Қазақстан азаматтары Вьетнамда визасыз 30 күнге дейін бола алады.
Фукуокқа барудың ең жақсы уақыты – қарашадан наурызға дейін.

Сондай-ақ оқыңыз