«Бауырына салу» фильмі Франция фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды

Жарияланды 12 Қараша 2024 19:28

(жаңартылды 12 Қараша 2024 19:28)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
«Бауырына салу» фильмі / коллаж kursiv.media, бильд-редактор Ахтам Зиперов

«Бауырына салу» фильмі Франциядағы Cinema Heritage фестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Министрліктің мәліметінше, Францияның Cinema Heritage фестивалінде қазақстандық кинотуындыны жоғары бағалап, фильмді ЮНЕСКО-дағы басым бағыт саналатын мәдени әралуандықты насихаттауда мәні зор туынды деп тапқан.

Айта кетейік, бұдан бөлек «Бауырына салу» фильмі Baku International Film Festival 2024 фестивалінде бас жүлдені алды. Сонымен қатар, режиссер Асхат Кучинчерековтің фильмі еліміздің атын халықаралық аренада таныстыру үшін «Оскар» комитетіне ұсынылды.

Бұған дейін, «Курсив» автордың тағы бір баланың арманы жайлы жаңа туындысын көріп, мән-мағынасына үңілген

«Бауырына салу» – қазақ халқының ежелгі дәстүрлерінің бірі. Түпкі мақсаты – алыс-жақын туысының жас сәбиін бала сүйе алмай жүрген келіншектің бауырына салу. Ана сүтіне жарып үлгермеген сәбиді туысының «бауырынан өткізіп», омырауын ағытып, жағасынан салынған баланы етегінен шығарып алады. Осы сәттен бастап бала «жаңа ата-анасына» беріліп, дүниеге алып келген әке-шешесі оны «өз балам» деп атамауы қажет. Тиісінше, баланы алған ата-ана оның бар жағдайын жасап, кейінірек өздері құрсақ көтеріп жатса, «тұңғышын» туған баласынан кем көрмей, бөлмей өсіруге міндеттеледі.

Фильм отандық «Тұлпар» кино фестивалінде топ жарып, қазылар алқасының шешімімен америкалық Кино академияның «Оскар» жүлдесіне Қазақстан атынан ұсынылған

Сондай-ақ оқыңыз