Машина жасау саласында қызмет көрсететін шағын және орта бизнеске биыл 9% мөлшерлемемен, 10 жылға дейінгі мерзімге 50 млрд теңге несие бөлінеді. Аванстық төлеммен кемінде 15% болуы тиіс. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов депутаттардың сауал берген жауабында жазылған.
«Қаражат бөлу туралы тиісті өтініш республикалық бюджеттің мүмкіндіктеріне сүйене отырып жоспарлы-кезеңдік тәртіппен қаралады, қазіргі уақытта бюджеттен қаражат бөлу 2024 жылдың соңына дейін жоспарланған», – делінген Бектеновтің жауабында.
Қаражат бөлу машина жасауды дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында көзделген. Оған сәйкес, осы саланың жобаларына 2028 жылға дейін жалпы 600 млрд теңге кредиттік қаржыландыру қажет болады. Жоспардың операторы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» болады.
«2025 – 2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда бизнестің кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға және кепілдік беруге 196,4 млрд теңге көзделген. Бұл қаражат өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, қызмет көрсету және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы кәсіпкерді қолдауға бағытталады,
«Өнеркәсіпті дамыту қоры» Қазақстанның даму банкінің еншілес ұйымы, Ұлттық экономика министрлігіне тиесілі «Бәйтерек» Ұлттық холдингінің құрылымына жатады. Қор өңдеуші кәсіпорындарға қолжетімді кредит беруді қамтамасыз етеді.