«Астана» футбол клубы миллиардтарды қайда жұмсап жатыр?

Жарияланды 14 Қараша 2024 20:16

(жаңартылды 14 Қараша 2024 20:16)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Астана фк миллиардтарды қайда жұмсап жатыр? / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің брифингінде Данияр Биғайдаровтың мәліметінше, «Астана» футбол клубына жыл сайын миллиардтаған теңге бөлінеді, бірақ олар өз инфрақұрылымын дамытпай отыр. Соңғы алты жылда Қазақстандағы футбол клубтарына бюджеттен 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген.

Антикордың мәліметінше, «Астана» футбол клубына бюджеттен ең көп қаржы бөлінеді, оған бөлінген қаржының төрттен бір бөлігі немесе 50,1 млрд теңге жұмсалған. Клуб бұл қаржының 60%-дан астамын, яғни 33 млрд теңгені еңбекақы төлеуге жұмсапты.

Сондай-ақ агенттерге төлемдер бойынша да тәуекелдер бар. Соңғы бес жылда «Астана» футбол клубы футболшыларды тарту үшін делдал-агенттерге 4,5 млрд теңге төлеген. Ал, шетелдегі оқу-жаттығу жиындарына 6,4 млрд теңге бөлінген.

Алайда осындай шығындарға қарамастан, клубтардың өз академиялары мен алаңдары жоқ, мысалы, «Астана» ФК алаңды жалға алу үшін алты жылда шамамен 1,4 млрд теңге жұмсаған.

Сонымен қатар, футболды дамытуға бөлінген миллиардтаған қаражат УЕФА, ФИФА және букмекерлік компаниялардан да келіп түседі. Соңғы алты жылда УЕФА мен ФИФА желісі арқылы шамамен 31 млрд теңге бөлінген. Алайда бұл қаржыны бөлу және пайдалану жөніндегі мәліметтер әлі де ашық емес.

7-қараша күні Сенат депутаты Дархан Қыдырәлі Қазақстандағы футбол жүйесін мен Астана – Атырау арасында болған ойындағы төрешілік мәселесін көтерді. 

Еске сала кетейік, «Астана» конференция лигасында Алматы екі ойын өткізеді. Португалиялық Виторияға қарсы 28 қараша күні ойнаса, 12 желтоқсан күні лондондық Челсиге қарсы ойнайды.

Сондай-ақ оқыңыз