Димаш пен Иманбектің атын пайдаланып кімдер ақша тауып жүр? Авторлық құқық саласының сарапшысы жауап берді

Жарияланды 14 Қараша 2024 16:12

(жаңартылды 14 Қараша 2024 16:30)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Димаш пен Иманбектің атын пайдаланып өзгелер ақша табады / коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы сарапшы Эльнора Оспан Мəжіліс кулуарында берген сұхбатында Иманбек пен Димаш Құдайбергенге қатысты пікірін білдірді.

«Жаңадан бастаған жастарға әрқашан айтамын: бір-екі жолды қызықты етіп жаздыңдар ма, онда оны бірден тіркеңдер. Иманбектің жағдайында, тез танылды, бірақ өз әніне құқықтарын продюсерлерге, яғни ресейліктерге берді. Олар миллиондап табыс тауып жатыр, ал Иманбекке тек тиын-тебен ғана түседі. Димашта да солай болды. Ол танылған соң, Игорь Крутой оның құқықтарын өз атына рәсімдеп алды, бұл жерде Димаштың заңдық білімі жетпегенін пайдаланды,» – деді Оспан.

Сарапшының айтуынша, шығармашылықты бастапқыдан заңды түрде қорғау керек. Жаңадан танылған кезде авторлар өз құқықтарын тез тіркемесе, кейін біреулер келіп, олардың құқығын өз атына жазып алуы мүмкін.

Еске сала кетейік, сонымен қатар казақ композиторы Шәмші Қалдаяқовтың әндері айына 6 мың теңгеге ғана бағаланады деп авторлық қоғамдардың жұмысы туралы мәжіліс жанындағы комитет отырысында депутат Нартай Аралбайұлы айтты.

«Шәмші Қалдаяқовтай ұлы тұлғамыздың шығармаларын тұтынғаны үшін ұрпағына авторлық қоғам бір маусымда, яғни 3 айда бір рет 18 мың теңге ғана төлеген. Шәмшінің әні орындалмайтын кеш бар ма, қазақта?! Біздің авторлардың құқы қорғалмайтынын осыдан-ақ көре берсеңіздер болады»,- деді ол.

Сондай-ақ оқыңыз