Футболдан Қазақстан құрамасы Аустриядан 2-0 есебімен жеңілді

Жарияланды 14 Қараша 2024 22:03

(жаңартылды 14 Қараша 2024 22:03)
Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
Қазақстан құрамасы Аустриядан 2-0 есебімен жеңілді / фото: ҚФФ

14 қараша күні Алматының Орталық стадионында футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Аустриямен кездесті. Матчта қазақстандықтар қарсыласына 0:2 есебімен жол берді. Аустрия сапынан голдарды Баугартнер мен Грегорич соқты.

Бұл матчта да Қазақстан құрамасы шабуылда нәтиже көрсете алмады. Жалпы, Ұлттар лигасында Қазақстан 5 ойын өткізіп, 10 гол жіберді, ал қарсылас қақпасына бірде-бір гол соға алмады.

Еске сала кетейік, Қазақстан футбол жанкүйерлері арасында соңғы уақытта бас бапкер Станислав Черчесовтың қызметінен кету-кетпеуі туралы сұрақтар жиі туындап жүр.

Бұған дейін, футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов қызметінен кеткен еді. Ал өзінің болашағы жайлы Черчесов келімшарт бойынша жұмысын жалғастыра беретінін айтты.

«Иә, қазір федерация президенті жоқ, Әділет Барменқұлов бұл қызметтен өз еркімен кетті. Бұл оның жеке шешімі, мен еншандай артық сұрақ қойған жоқпын. Менің білуімше жаңа президент 20 желтоқсан күні сайланады. Ал менің Әділет Барменқұловпен емес федерациямен келісім-шартым бар. Сондықтан, ол маған байланысты емес, келісім-шартым бойынша жұмысысды жалғастыра беремін» – деді Черчесов.

Сондай-ақ оқыңыз